Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сырбойылық таэквондошылар Бакуде өтетін әлемдік додаға жолдама алды

Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында таеквондодан өткен ҚР чемпионатынан сырбойылықтар 9 жүлдемен оралды, деп хабарлады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 300-дей спортшы қатысты.

Ел біріншілігінен сырбойылықтар 9 жүлде иеленіп, олжалы оралды.

37 келіде Ботагөз Қапанова (№10 Шиелі БЖСМ), 44 келіде Ақниет Жұмағазы (спорт-интернат), 55 келіде Жібек Көпен (№2 ОМБЖОРМ) чемпион атанып, маусым айында Әзірбайжанның Баку қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдама алды.

37 келіде Нұрай Мұратқызы (№12 Сырдария БЖСМ) және 53 келіде Владислав Ли (№1ОМБЖОРМ) екінші орынды иеленсе, 33 келіде Ержан Жолдасбек (№1ОМБЖОРМ), 41 келіде Гүлбала Абызбаева (№10 Шиелі БЖСМ), 59 келіде Әлия Мударисова (№19 Арал БЖСМ), 61 келіде Жолдас Орынбек (№2ОМБЖОРМ) қола жүлдені еншіледі.

Спортшылардың  жеңіске жетулеріне үлес қосқан бапкерлері Нұрлыбек Сухан, Сламбек Мұсатаев, Руслан Тілеулиев, Азамат Аралбаев, Мәди Исмайлов, Вячеслав Ким, Әлішер Моминовтар.

Басты сөздер: Қызылорда облысыСпорт
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
 
0
0
460

Осы тақырып бойынша

Сырбойылық таэквондошылар Бакуде өтетін әлемдік додаға жолдама алды - Yvision.kz