Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы әкімі веложарыс жолында

Алматыда таңғы сағат 08:30-да Жеңіс күніне орай бұқаралық велосипед жарысы басталды. Жарысқа қанша адамның қатысып жатқаны әзірге белгісіз. Бірақ алдын ала деректер бойынша сөре сызығына жиналған велосипедшілердің ұзын-ырғасы 500 метрге жеткен. «Бүгін біздің кезекті веложарысымыз өтіп жатыр. Ол Жеңіс күніне арналған. Бұл жарысқа негізінен қаладағы үш жоғары оқу орындарының, нақтырақ айтар болсақ: Қазақ ұлттық техникалық университеті, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті және Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның студенттері қатысуда. Сонымен қатар бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те бүгін жарыс жолына шыққан», — деді өз сөзінде «Универсиада-2017» Мемлекеттік қорының маркетинг бойынша бас маманы Дидар Сағадиев. Велосипедшілер жарысы әл-Фараби даңғылы мен Тәтт…

0
0
370

Хоккейден Қазақстан құрамасы ӘЧ қарсаңында Минскіде алғашқы жаттығуын өткізді

Хоккейден Қазақстан құрамасы Минскіде мамырдың 9-ы мен 25-і аралығында өтетін Әлем чемпионаты қарсаңында алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі.

Бүгін команданың бас бапкері Ари-Пекки Селин әлем біріншілігінде ойнайтын команда құрамын жариялайды деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, команда Францияда өткен оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңін аяқтаған соң Беларусь жеріне ұшып келген. Осы жиын барысында құрама капитаны болып Николай Антропов тағайындалды.

Айта кетейік, Қазақстан командасы топтық кезеңде Финляндия, Россия, АҚШ, Швейцария, Германия, Латвия және Беларусь Республикасының командаларымен бақ сынасады.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
314

Футболдан 2014 жылғы ӘЧ-на қатысатын Бразилия құрамасының тізімі белгілі болды

Бразилия құрамасының бас бапкері Луиз Фелипе Сколари футболдан әлем чемпионатына қатысатын 23 ойыншының тізімін жария етті. Бұл туралы sport-express.ru хабарлады. «Біздің мақсат — әлем чемпионатында жеңіске жету. Бұл мақсатымыздан әлі бас тартқан жоқпыз», — деді Сколари арнайы баспасөз мәслихатында. Бразилиялықтардың құрамы мынадай: - қақпашылар — Жулиу Сезар («Торонто», MLS), Джефферсон («Ботафогу»), Виктор («Атлетику Минейру»); - қорғаушылар — Даниэл Алвес («Барселона»), Марселу («Реал», Испания), Майкон («Рома», Италия), Максвелл («ПСЖ», Франция), Тиагу Силва («ПСЖ», Франция), Данте («Бавария», Германия), Давид Луиз («Челси», Англия), Энрике («Наполи», Италия); - жартылай қорғаушылар — Луиз Густаву («Вольфсбург», Германия), Паулинью («Тоттенхэм», Англия), Рамирес («Челси», Англия), Фер…

0
0
233

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: [email protected] «Astana Piano Passion» Екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианисттер байқауында Бірінші байқаудың лауреаттары астаналық көрермендерді өздерінің өнерлерімен тағы да қуантады. «Astana Piano Passion” Екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында әлемге аттары аян болған жас дарынды музыканттардың керемет концерті өтеді. 11 мамырда сағат 19.30-да «Астана-Опера» опера және балет театрының камералық залы сахнасында өнер көрсетін лауреаттар: Шуан Ерн Ли, фортепиано (Австралия, 10 жаста) – Бірінші сыйлықтың лауреаты, Варвара Кутузова, фортепиано (Ресей, 10 жаста) - Бірінші сыйлықтың лауреаты, Илья Бахтин, фортепиано (Ресей, 17 жаста) Екінші сыйлықтың лауреаты, Ал…

0
0
389

Бүгін СҚО-да «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің үшінші кезеңі өтеді

7 мамыр күні Петропавл қаласында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің үшінші кезеңі өтеді. Облыстық біріншілік финалына өңірдегі 13 аудан мен қалалардан барлығы 32 спортшы қатысады. Көпшілік оны облыс орталығындағы орталық алаңнан сағат 16.00-де тамашалай алады. «Бірінші орынға — 300 мың теңге, екінші орынға — 200 мың, үшінші орын үшін 100 мың теңге тағайындадық. Төрешілер алқасында қазақ күресінен спорт шебері Бауыржан Құлжанов бас төреші болады», — дейді СҚО Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин. Республикалық турнирдің өткізілу барысы туралы елордадан келген Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Марат Шәмшінұров егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды sports.kz. «17 мамырға дейін барлық облыстық кезеңдер аяқталады. 20-23 мам…

0
0
279

«Барселонаның» жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

Испаниялық «Сельта» командасының бас бапкері Луис Энрике биылғы футбол маусымы аяқталған соң каталониялық «Барселонаны» жаттықтыруға келісімін берді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Луис Энрике бұл қызметте Херардо Мартиноны алмастырады. Бұған дейін аргентиналық маман ағымдағы чемпионат аяқталған соң лауазымынан кететіні жөнінде жариялаған болатын.

Л.Энрике өзінің командасын жасақтауды бастап та кетіпті. Оның жаттықтырушылар штабына көп жылдар бойы сенімді серігі атанып келе жатқан Роберто Морено енетіні хабарланып отыр.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
242

Қазақстаннан шайбалы хоккей төрешілері шықпай тұр

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) Минскіде өтетін әлем чемпионатында қазылық ететін 32 төрешінің тізімін бекітті. Өкінішке қарай, олардың арасында Қазақстаннан бірде-бір төреші жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Беларусь елінде өтетін 2014 әлем чемпионатына 54 үміткер-төрешінің ішінен 16 бас қазы және 16 қапталдағы төреші іріктелініп алынды. Сөйтіп, биылғы әлем чемпионатында 15 мемлекеттен 32 төреші қазылық ететін болды. Алайда бас қазылар тізімі тұрмақ, олардың көмекшілерінің арасында қазақстандық төрешілер жоқ. Қапталдағы төрешілердің ішінен Франция, Норвегия, Эстония, тіпті Нидерланды төрешілерін көріп, «неге біздің елдің төрешілері жоқ» деп қынжылдық. Жалпы, биылғы әлем чемпионатында мына елдердің төрешілеріне ысқырық сеніп тапсырылып отыр: Бас қазылар: Ресей (3 төреші), Ч…

0
0
410

Футбол: Көш басы мен соңында өзгеріс жоқ

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының оныншы турында қызықты нәтижелер тіркеліп, негізінен алаң иелерінің мерейі үстем болды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz. Алаң иелерінің ырқына көнбеген – тек «Ақтөбе». Өткен маусымдағы ел чемпионы түзде «Тобылды» тобықтан қағып, қоржынына тағы да үш ұпай салды. Негізі, ақтөбеліктердің басты бәсекелестері «осы турда Владимир Никитенконың шәкірттері Қостанайда сүрінеді» деп болжап еді. Соны күтті де. Бірақ олай болмады. «Ақтөбе» – айылын жияр емес, сол баяғысынша көш басында. «Астана» көпшілік күткен кезекті жеңісіне қол жеткізді. Өз алаңында көш соңындағы «Спартакты» тас-талқан қылып, көсіле шапты. Бұл ойында көптен бері көзге түспей кеткен Таңат Нөсербаев екі гол соғып, отандық жанкүйерлерді қуантты. Ал «Шахтер» Алматыда «Қайраттан» ұтылып қалып, ақтөбе…

0
0
199

Жерлесіміз Никита Тымченко пауэрлифтингтен Еуропа рекордын жаңартты

Он екі жастағы жеткіншек 87,5 келілік кір тасын қиналмастан кеудесіне көтерген.

Құрлықтық бәсекеге қатысушыларды таң қалдырған спортшы Еуропаның екі дүркін чемпионы атанып қайтты. Айта кетейік, Екатеринбург қаласындағы додаға 600-ден астам кәсіпқой спортшы қатысқан. Олардың арасынан айқын басымдықпен топ жарған Никита енді Францияда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Жас жеңімпаз бұл жарыста да топ жарып, рекорд жаңартуды көздеп отыр.

0
0
226

Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2014 жылғы 6 мамыр)

Бүгін Бас прокуратурада Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/otan-korgaushylar-kunine-zhne-zhenis-kunine-arnalgan-saltanatty-zhiyn-turaly


0
0
1116