Мазмұнға өту

Жаңа

абыройы биік азаматтар

Ел тыныштығы жолында бүкіл өмірін сапта өткізуге арнаған азаматтардың еңбегі ерекше. Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету – әрбір патриоттың парызы. Осылай деген Президент әскери және қызметтік парызын абыроймен атқарған азаматтарға мемлекеттік награда табыстай отырып, өзінің ризашылығын және бағасын беретіндігін айтты. Елдің абыройын ең басты орынға қоятын Отан қорғаушылар арасында ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасы Бауыржан Бердалин марапатталды, сондай-ақ, Полиция генерал-майоры атағын Қарағанды облыстық ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров, Алматы қалалық ІІД бастығы Серік Күдебаев, Қостанай облыстық ІІД бастығы Тілеген Маткенов және IМ Ұлттық гвардиясының бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Бейбіт Ашқаров алды. Ал IIМ Ұлттық…

0
0
433

Бас бостандығынан айыру мекемелерінде «Көмек» қайырымдылық акциясы өтті.

Бас бостандығынан айыру мекемелерінде «Көмек» қайырымдылық акциясы өтті. «ҚазАқпарат», 13.05.2014ж. Бұл шара Алматы облысының Жауғашты кентіндегі ЛА-155/4 әйелдер колониясында және Алматы қаласының ЛА-155/6 балаларды тәрбиелеу колониясында өтті, деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша департаменті. «Бірінші мекемеде республиканың пенитенциарлық жүйесіндегі бірден-бір балалар қалашығы жұмыс істейді, онда 30 сотталған әйел үш жасқа дейінгі сәбилерімен тұрады. Ал республикадағы келесі бірден-бір ЛА-155/6 кәмелетке толмаған сотталғандар мекемесінде жүзден астам бала тәрбиеленуде. «Кәмелетке толмаған сотталған балаларға қолдан келген көмек беру жөніндегі шақыруға көптеген қоғамдық ұйымдар үн қосып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді», -…

0
0
293

Шымкентте тәртіп сақшысы 75 жастағы қарияны өлімнен құтқарды.

Шымкентте тәртіп сақшысы 75 жастағы қарияны өлімнен құтқарды. «ҚазАқпарат», 13.05.2014ж. Шымкентте тәртіп сақшысы өз-өзіне қол жұмсамақ болған 75 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды. Бадам өзенінің бойында кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне жасөспірімдер белгісіз әйелдің өзенге секіріп кеткенін айтқан. Суға батып бара жатқан әйелді 29 жастағы тәртіп сақшысы құтқарып алған, деп хабарлайды 24.kz. Анықтай келе, ол 1939 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Кейуана не себепті мұндай қадамға барғанын айтудан бас тартқан. Алайда өзін ажалдан арашалап қалған полицейге алғысын білдіріпті. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң қарияны туыстары үйіне алып кеткен. «Тез келіп жеткен кезімізде судың ортасында ағып бара жатқан әйелді көрдік. Киімімді тез…

0
0
328

Қазақстанда 150 мыңнан астам мейіргер еңбек етеді

Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда 12 мамыр күні Бүкіләлемдік мейіргерлер күні атап өтіледі.

Бұл мейрам 19 ғасырдан бастау алады. 12 мамырда мейіргерлік қызметтің негізін салушы Флоренс Найтингейл дүниеге келген. Қырым соғысы кезінде ол жаралы сарбаздарға күтім жасау қызметін ұйымдастырып, соғыс қимылдары кезінде өлім-жітімнің елеулі түрде азаюына ықпал еткен. Кейін әлемдегі алғашқы мейіргерлер мектебінің негізін қалады. 1934 жылдан бері Ф.Найтингейл атындағы халықаралық қордың бастамасымен Халықаралық мейіргерлер күні жыл сайын атап өтіледі.

http://www.mz.gov.kz/

0
0
363

ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Ұлттық ядролық орталығығының жұмысы жалғасуда

«Радиациялық медицина және экология» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Апсаликов Қ.Н. жетекшілік еткен жұмыс тобы кенттің табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын зерделеп, экологиялық зерттеулер, дәрігерлердің көмегіне жүгінген адамдардың медициналық құжаттарын сараптады. Сондай-ақ, Калачи кенті мен Красногорский ауылының тұрғындары медициналық тексеруден өткізілді.

http://www.mz.gov.kz/

0
0
367

Қаржы полициясы органдарының туы мен нышандарын ресми тапсыру салтанаты

2002 жылдың 2 желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы тұлғаларына арналған ант мәтiнiнің бекітілуі қаржы полициясы органдарының мәртебесін нығайтуда маңызды қадам болды, деп хабарлайды BNews.kz. 2003 жылдың 8 қаңтарында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, аталған заңда қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқықтары белгіленген. 2003 жылдың 10 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының туы мен нышаны бекітілді. 2003 жылдың 1 сәуiрінде Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агент…

0
0
408

Павлодар облысы бойынша инспекция Ұлы Отан соғысына қатысушыларды Жеңіс күнімен құттықтады

Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы инспекция Ұлы Отан соғысына қатысушылар В. Ф. Журавлевті, Р. Ф. Каримовты, А. П. Қайырхановты 9 мамыр — Жеңіс күнімен құттықтады. ҰОС-қа қатысушыларға азық-түлік жиынтығы мен сыйлықтар тапсырылды.

0
0
285

Қаратау арқарының саны 300-ге жеткен

“24kz” ТА Оңтүстік Қазақстан облысында қызыл кітапқа енгізілген Қаратау арқары көбейе бастады. Олар мекендейтін тау жоталарында әлемде өте сирек кездесетін дәрілік қасиеті мол өсімдіктер де өседі. «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығында бас қосқан еліміздің орманшылары мен ғылыми қызметкерлері эндемдік өсімдіктер мен жануалар әлемін молайту жайын талқылады. Тарихта Хан тағы атауымен белгілі жотаға біздің түсіру тобымызды бастап шыққан қорықшы Айдос Әлшериев үшін Қаратаудың әрбір тасы қымбат. Өйткені оның балалық шағы осы жерлермен астасып жатыр. Соңғы жылдары қорық аумағында аң-құстың саны артқан. Оған сұғанақтыққа тосқауыл қою арқылы қол жеткізгендігін айтады. Айдос Әлшериев, Табиғи кешендер мен нысандарды күзету қызметі бөлімінің басшысы: - Көктемгі санақта 300 басқа жеткен. Әлі алдымызд…

0
0
1880