Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкентте тәртіп сақшысы 75 жастағы қарияны өлімнен құтқарды.

Шымкентте тәртіп сақшысы 75 жастағы қарияны өлімнен құтқарды. «ҚазАқпарат», 13.05.2014ж.
Шымкентте тәртіп сақшысы өз-өзіне қол жұмсамақ болған 75 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды. Бадам өзенінің бойында кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне жасөспірімдер белгісіз әйелдің өзенге секіріп кеткенін айтқан.   

Суға батып бара жатқан әйелді 29 жастағы тәртіп сақшысы құтқарып алған, деп хабарлайды 24.kz.

Анықтай келе, ол 1939 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Кейуана не себепті мұндай қадамға барғанын айтудан бас тартқан. Алайда өзін ажалдан арашалап қалған полицейге алғысын білдіріпті. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң қарияны туыстары үйіне алып кеткен.

«Тез келіп жеткен кезімізде судың ортасында ағып бара жатқан әйелді көрдік. Киімімді тез арада жартылай шешіп, суға сүңгіп оны алып шықтым. Жасөспірімдер де көмектесті», - дейді жол-патрульдік полиция полкінің взвод командирі Жаңабай Жарасов.

   
0
0
317

Осы тақырып бойынша

Шымкентте тәртіп сақшысы 75 жастағы қарияны өлімнен құтқарды. - Yvision.kz