Мазмұнға өту

Жаңа

Хоккей: Жерлестеріміз тағы да есе жіберді

Қазақстан мен Беларусь хоккейшілері кездесіп, 4:1 есебімен қарсыластар басым түсті, деп жазады 24kz.

Кездесу басында Қазақстан құрамасының мүшесі Андрей Гаврилин есеп ашты. Алайда екінші кезеңде айдын иелері бірден екі шайба соғып, командасын алға шығарды. Ал 3-кезеңде Беларусь спортшылары тағы 2 шайба соғып, жеңіске жетті.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
185

Қазақстандық Максим Раков Бакудегі «Үлкен дулыға» турнирінің алтын жүлдесін еншіледі

Қазақстандық дзюдошы Максим Раков  Бакуде өткен «Үлкен дулыға» турнирінің алтын медалін қанжығаға байлады, деп хабарлайды  Sports.kz.

Финалдық белдесуде 100 келі салмақ дәрежесіндегі Раков Азербайжан палуаны Эльхан  Мамадовты тізе бүктірді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
306

БОКС: Иван Дычко рингке қайта оралады

2013 жылғы қарашадан бастап шаршы алаңға шықпаған қазақстандық боксшы Иван Дычко Ташкентте Сидней Джексон мемориалына қатысады, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясы баспасөз қызметінен.

Ташкенттегі бәсекеге Дычкодан басқа төрт қазақстандық барады. Олар: Закир Сафиуллин (60 келіге дейін), Алмасбек Орынғалиев (69 келіге дейін), Сапарбай Айдаров (75 келіге дейін) және Нұрдәулет Жарманов ( 81 келіге дейін). Турнир 13-18 мамыр аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері, ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко Алматыдағы әлем чемпионатының финалында Магомедрасул Меджидовтен нокаутпен жеңілген болатын. Ол рингтен дәрігерлердің көмегімен кетті. Спортшының бабына келуі үшін бір жылдай уақыт қажет болды.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
251

Ресейлік промоутер Геннадий Головкинге «қарсылас» таңдады

Боксшы Александр Поветкиннің экс-промоутері ресейлік Владимир Хрюнов қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге «қарсылас» таңдады, деп жазады vesti.kz. Бұдан бұрын хабарланғандай, WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші Чавес арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Владимир Хрюновтың пайымынша, егер де осы жекпе-жек болғанда Геннадий Чавесті нокаутқа жіберер еді. Сонымен қатар «Головкинге спорттық тұрғыда болашақта қарсылас ретінде кімді ұсынар едіңіз?» деген сауалға ол: «Қазіргі кезде жағдай былай өрбуде: 1 маусымда Дмитрий Чудинов Патрик Нильсенмен жекпе-жекте өзінің титулын қорғайды. Бұдан кейін Джаррод Флетчермен кездесу жоспарда бар. Осыдан кейін Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинмен жекпе-же…

0
0
189

Қаржы полициясы заңсыз мұнай айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінінің жолын кесті

Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 2 жыл бойы мұнайды заңсыз сатып алу және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің жолын кесті. 2012-2013 жылдары 5 азаматтан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ заңды шығу тегін растайтын құжаттарсыз 356 млн. теңгеден астам ақша қаражатын құрайтын 54 вагон мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысқан. Қылмыстық топ қылмыстық табыстың 236 млн. теңгесін 4 жалған кәсіпорын арқылы заңдастырған. Қозғалған қылмыстық іс бойынша аз.Х.-қа және аз.И.-қа қылмыстық топты ұйымдастыру бойынша айып тағылды. Топтың басқа мүшелері ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне белсенді қатысқандығы үшін күдікті. Қазіргі таңда қылмыстық іс арнайы прокурор басшылығымен те…

0
0
332

Еліміздегі 2014 жылдың 4 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы

2014 жылдың 4 айында  еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,0 пайызға (110 542-ден 108 276542-ға), соның ішінде жалпы қылмыстардың 2,8%-ға (103 019-дан  100 136-ға) төмендегені байқалады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/elimizdegi-2014-zhyldyn-4-ayyndagy-kylmystylyk-ahualy-turaly

0
0
145

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында әкімшілік жауапкершілікті күшейту жөніндегі ақпарат

Еліміздің заңнамасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласына қатысты өзгерістер жолдардағы жағдайды тұрақтандырып, жол-көлік оқиғалары мен олардан зардап шегетіндердің санын азайтады, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауатын арттыратын болады. 2012-2013 жылдар аралығында Қазақстанда Жол қозғалысы ережелерінің (бұдан әрі – ЖҚЕ) бұзылуы күрт өсіп кеткені байқалды, ол өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі – ЖКО), одан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтар санының бірнеше есе өсуіне себепші болды. 2013 жылдың өзінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары түсіріп, тіркеген ЖҚЕ-ны бұзу көлемі шамамен 90%-ға дейін өсті, сондай-ақ оқиғалар 65%-ға, одан жарақат алғандар саны 71%-ға артты. Жалпы ЖКО-ның 90%-ы жүргізушілердің кінәсінен, 600-ге жуық оқиға мас күйінде көлік жүргізге…

0
0
461

Қостанай облысы бойынша инспекция Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өткізді

Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекцияда Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өтті. Кеңеске нарық субъектілері және мемлекеттік органдар қатысты.

0
0
150

«Жетімін жылатпаған елміз»

Білім және ғылым министрлігі берген мәліметке сүйенсек, соңғы 3 жылда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың саны сиреген. Қазақстанда шалыс басып, кейін бауыр еті баласынан бас тартпақ болған аналарды райынан қайтарып, көмек қолын созатын «аналар үйі» ашыла бастады. Аналар үйінің тұрғындары керек-жарақтармен және азық-түлікпен тегін қамтамасыз етілген. Бұл әлеуметтік жобаны кәсіпкерлер қолдап отыр. Жүрегі мұз әке. Бауыры қатты ана. Нәтижесі – жанары жасты жетімдер. Жарық дүние есігін аша салып, тағдыры тәлкекке түскен тастандылар. Бірінші сәуірде Алматыдағы қоқыс жәшігінен нәресте табылды. Араға 13 күн салып дәл осы оқиға Астанада қайталанды. 16 жастағы бейбақ өз шаранасын пакетке орап, күл-қоқысқа тастаған. Бейкүнә бала емханаға жеткізілді. Ал қорғансыз күйде қоқыс ішінде жүрегі тоқ…

0
0
726

С. Бердіқұловты еске алуға арналған турнир жеңімпазы анықталды

Сейдахмет Бердіқұлов

Астанада шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир мәреге жетті, деп жазадыkaztrk.kz.

Сейдахмет  Бердіқұловтың  туған күнінде -  9 мамырда  Алматы қаласынан бастау алған бұл дәстүрлі турнир биыл алғаш рет Астанада өтті.

Жылдан бастап жарысты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі  ойынды  Астанада өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Екі күнге созылған жарыста еліміздің әр аймақтарының телеарна, газет тілшілерінен жасақталған футбол командалары өзара бақ сынады. Бірінші орынды «Алматы» телеарнасының құрамасы жеңіп алды. Екінші орында «Хабар» телеарнасының Алматы бюросының командасы, ал үздік үштікті «Оңтүстік Қазақстан»  газетінің тілшілері қорытындылады.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
177