Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бас бостандығынан айыру мекемелерінде «Көмек» қайырымдылық акциясы өтті.

Бас бостандығынан айыру мекемелерінде «Көмек» қайырымдылық акциясы өтті. «ҚазАқпарат», 13.05.2014ж.
Бұл шара Алматы облысының Жауғашты кентіндегі ЛА-155/4 әйелдер колониясында және Алматы қаласының ЛА-155/6 балаларды тәрбиелеу колониясында өтті, деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша департаменті.   

«Бірінші мекемеде республиканың пенитенциарлық жүйесіндегі бірден-бір балалар қалашығы жұмыс істейді, онда 30 сотталған әйел үш жасқа дейінгі сәбилерімен тұрады. Ал республикадағы келесі бірден-бір ЛА-155/6 кәмелетке толмаған сотталғандар мекемесінде жүзден астам бала тәрбиеленуде.

«Кәмелетке толмаған сотталған балаларға қолдан келген көмек беру жөніндегі шақыруға көптеген қоғамдық ұйымдар үн қосып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді», -  деп атап өтті оңтүстік астананың ҚАЖ департаментінің өкілі Шынар Хұсайынова.

Мәселен, «Сәт Астана» қоғамдық қорының қызметкерлері ЛА-155/4 мекемесінің кішкентай балдырғандарына балалар киімдерін, ойыншықтарды тарту етті, сондай-ақ қуыршақ театры әртістерінің қойылымын ұйымдастырды.

Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері ЛА-155/6 мекемесінде концерт қойды. Оңтүстік астананың «Масленница» АҚ және «Демонадоф Фуд» ЖШС сияқты бірқатар жеке кәсіпорындары және басқалары өздерінің сүт өнімдері мен әртүрлі сусындарын ұсынды.

Келесі осындай қайырымдылық акциясы Балаларды қорғау күнінде өткізіледі, деп атап көрсетті Ш.Хұсайынова.

0
0
285

Осы тақырып бойынша

Бас бостандығынан айыру мекемелерінде «Көмек» қайырымдылық акциясы өтті. - Yvision.kz