Агенттікте ЕЭК өкілдерімен кездесу өтті
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғ.І. Оразбақов ЕЭК өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге Н. Алдабергенов — Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі қатысты. Кездесу барысында негізгі талқыланатын мәселелердің бірі алдағы ЕЭК пен монополияға қарсы органдардың тергеу жүргізу іс-әрекеттерінің тетігі болды.
