Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Соңғы 10 жылда республикада туберкулезбен сырқаттанушылық 2,1 есе, ал одан болатын өлім 3,7 есе төмендеді.

Бұл жайлы бүгін еліміздегі туберкулезге қарсы кешенді шаралар жайы қаралған ҚР Үкіметі отырысында айтылды.

Жалпы туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінің өлшемдерінің бірі болып табылады.

Қазақстанда мемлекет тарапынан туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Соңғы 10 жылда республикада туберкулезбен сырқаттанушылық 2,1 есе,  ал одан болатын өлім көрсеткіші 3,7 есе төмендеді.

2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалау миссиясы  Қазақстанда туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан  іс-шараларға жоғары баға берді. Қазақстанда науқастар туберкулезге қарсы 1 және 2 қатардағы препараттармен 100% қамтамасыз етілген. Ал ДДҰ-ның бұл саладағы мақсаттық көрсеткіші 85% құрайды.

0
0
528

Осы тақырып бойынша

Соңғы 10 жылда республикада туберкулезбен сырқаттанушылық 2,1 есе, ал одан болатын өлім 3,7 есе төмендеді. - Yvision.kz