Мазмұнға өту

Жаңа

Қанат Ислам әлемдегі ең қарқынды боксшылардың тізіміне ілінді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам колумбиялық Франсиско Кордероны жеңгеннен кейін рейтингте 24 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kzспорт порталы. Жалпы рейтингте Қанат 82 орынға жайғасса, орта салмақтағы боксшылардың ішінде ол үздік он боксшының қатарына қосылды. Ал, Boxrec.com порталы қазақстандық боксшыны әлемдегі ең қарқынды боксшылары тізіміне қосыпты. Қанат Исламның өзі осы жылдың соңына дейін WBA тұжырымының чемпиондық атағы үшін таласуды мақсат етіп қойып отыр. Айта кетейік, Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. 2010 жылы ол Қазақстанға көшіп келген. Кейбір деректер бойынша, ол қазір Алматы облысының Қарасай ауданында тұрып жатыр. Қанат кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. Бұған дейін ол әуесқой бокста Қытай атынан Бейжің Олимпиадасына қатысып,…

0
0
280

ВЕЛОСПОРТ: Қазақстандық шабандоз Дмитрий Груздев кезекті рет Азия чемпионы атанды

Бүгін Қарағанды қаласында жалғасып жатқан чемпионатта қазақстандық велошабандоз Дмитрий Груздев мәре сызығын бірінші болып кесті.

Ол ерлер арасындағы 45 шақырым жеке жарыста бақ сынаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, кеше  Қазақстан спортшысы Екатерина Юрайтис велоспорттан Азия чемпионатында 15 шақырымға жеке жарыста алтын медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, Әлішер Жұмахан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Басты сөздер: СпортАлматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
0
0
345

«Астана» велокомандасының капитаны «Джиро д’Италияның» жарыс жолынан шығып қалды

»Астана» велокомандасының капитаны итальяндық спортшы Микеле Скарпони «Джиро д’Италия» көпкүндiгiнен шығып қалды. Скарпони 17-кезең жарысына қатысудан бас тартуды шешiптi. Итальяндық спортшы жарыс барысында бiрқатар жарақаттар алған болатын. Капитандық 15-кезеңде жеңiске жеткен Фабио Аруға бұйырды. «Бұның алдындағы кезеңдерде құлап қалып, бiрнеше жарақаттар алдым. Арқамдағы және мойын тұстағы жарақат уақыт өткен сайын тiптi шыдатар емес. Бұл тiптi мүмкiн емес кезеңдер болды — жолдағы қар мен судың көлемi тым көп», — дейдi Скарпони «Астана» сайтында жариялаған сөзiнде. Сонымен бiрге бұл кезеңге Алессандро Петакки (mega Pharma — Quick Step), голландиялық Томас Деккер (Garmin) шықпай қалды. Өз кезегiнде Фабио Ару жалпы есепте 6-орында келедi. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сөздер: Астана , С…

0
0
192

Лэнс Армстронгтың допинг-дауынан кейін велоспорттың абыройын қайта жандандырмақпын — UCI президенті

Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті Брайан Куксон Тур де Франстың жеті дүркін жеңімпазы Лэнс Армстронгтың допинг-дауынан кейін велоспорттың атақ-абыройын қайта жандандыруды көздеуде. Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Айта кетейік, бұрын хабарлағанымыздай, Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті Брайан Куксон ресми іссапармен Астанаға келген болатын. Жоғары мәртебелі мейман алдағы жылдары Халықаралық велосипедшілер одағы қандай жұмыстармен айналысатындығын қысқаша айтып берді. «Мен жаңа қызметіме енді ғана кірістім және ең бірінші қолға алатын жұмысым — Лэнс Армстронгтан кейін едәуір кір келген ұйымның беделін, атақ-абыройын қайта жандандыру болады, — деп атап өтті ол. — Велосипед спортын бұдан әрі әлем бойынша, соның ішінде А…

0
0
350

Финансовая полиция возбудила уголовное дело на топ-менеджеров дочерних компаний АО «Қазақстан Темір Жолы»

16 мая текущего года сотрудники Агентства финансовой полиции по подозрению в получении взятки в особо крупном размере задержали исполнительного директора АО «Локомотив» Калаубаева Е.
Он обвиняется в получении  взятки в общей сумме 100 тыс. долларов США от представителя ТОО «Нур Табыс Мунай НТМ» за создание условий для заключения договора на поставку дизельного топлива.

В этот же день в отношении Калаубаева возбуждено уголовное дело по факту получения взятки в особо крупном размере.
19 мая Калаубаев с санкции суда арестован.
Кроме того, по обвинению в соучастии в получении взятки объявлен в розыск исполнительный директор АО «Казтемиртранс» Альмусин Д.
Уголовное дело расследуется, иная информация в интересах следствия не разглашается.

,

0
0
375

Қаржы полициясы «Қазақстан Темір жолы» АҚ еншілес кампаниялардың топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Ағымдағы жылғы 16 мамырда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері «Локомотив» АҚ атқарушы директоры Е.Қалаубаевты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұстады.
Ол дизельдік жанар майды жеткізуге келісім-шартты жасауға жағдай жасау үшін «Нұр Табыс Мұнай НТМ» ЖШС өкілінен жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталуда.

Сол күні Қалаубаевқа қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
19 мамырда Қалаубаев сот санкциясымен қамауға алынды.
Бұдан басқа, пара алуға қатысқан деген айыппен «Қазтеміртранс» АҚ атқарушы директоры Д.Әлмусин іздеуге жарияланды.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

0
0
191

2014 жылдың 6 маусымында ҚР Жоғарғы Соты халықаралық конференция өткізеді

2014 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты IRZ халықаралық құқық ынтымақтастығы Герман қорымен бірлесіп қазақстандық Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясының жобасын талқылау шеңберінде «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі – уақыт талабы» тақырыбында халықаралық конференциясын өткізеді.

http://sud.kz/kaz/news/2014-zhyldyn-6-mausymynda-kr-zhogargy-soty-halykaralyk-konferenciya-otkizedi

0
0
293

Ойда бар нәрсе – істе бар!

Дизайнер болып, өзіндік брэнд ашуды армандайтын талантты да талапты бойжеткен Мариям Бақытжанның шығармашылығымен таныс болыңыздар! - Сәлем, Мариям! Дизайнерлік салаға деген қызығушылық қашан пайда болды? - Сәлем! Негізінде, дәл мына кез деп атап айта алмаймын, себебі, бала күнімнен сурет салуды жаным сүйетін. Әсіресе, сурет сабағына арналған альбомдарым тізілген қыздардың суретімен-ақ толатын. Мектепте де, математикадан бөлек, сурет сабақтарына ерек көңіл бөлетінім есімде... Менің қуыршақтарым да көп болатын, бірақ, ойнағаннан гөрі мен оларға сан түрлі сәнді киім тіккенді ұнататынмын. - Десе де, аталмыш саланы «болашағым» деп таңдауыңа түрткі болған нәрсе бар шығар?! - Иә, әрине. Менің дизайнер боламын деген мақсатты шешімімнен бұрын, осы саланы арман тұтуыма, бұл сала турасында дамуыма…

1
0
4467

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылғы 25 мамырда Қызылорда облысында Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері Балапанды көлінде жоспарлы балық қорғау шараларын жүргізді.

Қараөзек елді мекені маңында олар Қызылорда қаласының тұрғындары отырған «УАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексерді.

Нәтижесінде автокөлік ішінен балық аулауға тиым салынған құралдар – электр қармағы пен аша табылып, олардың көмегімен  37 кг балық ұсталғаны анықталды.

Оқиға орнында жиналған материалдар  мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-87/

0
0
209

Балаларға сыйлаған мереке

«Балаларды  қорғау күні» мерекесінің алдында Петропавл қалалық сотының ұжымы жетім және ата-анасының қорғауынсыз қалған облыстық балалар мектеп-интернатына барып, 7-9 жас аралығындағы бүлдіршіндер тәрбиеленіп жатқан ең кішкентай топты қамқорлыққа алды.

http://sud.kz/kaz/news/balalarga-syylagan-mereke

0
0
431