Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы «Қазақстан Темір жолы» АҚ еншілес кампаниялардың топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Ағымдағы жылғы 16 мамырда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері «Локомотив» АҚ атқарушы директоры Е.Қалаубаевты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұстады.
Ол дизельдік жанар майды жеткізуге келісім-шартты жасауға жағдай жасау үшін «Нұр Табыс Мұнай НТМ» ЖШС өкілінен жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталуда.

Сол күні Қалаубаевқа қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
19 мамырда Қалаубаев сот санкциясымен қамауға алынды.
Бұдан басқа, пара алуға қатысқан деген айыппен «Қазтеміртранс» АҚ атқарушы директоры Д.Әлмусин іздеуге жарияланды.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

0
0
182

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы «Қазақстан Темір жолы» АҚ еншілес кампаниялардың топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады - Yvision.kz