Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылғы 25 мамырда Қызылорда облысында Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері Балапанды көлінде жоспарлы балық қорғау шараларын жүргізді.

Қараөзек елді мекені маңында олар Қызылорда қаласының тұрғындары отырған «УАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексерді.

Нәтижесінде автокөлік ішінен балық аулауға тиым салынған құралдар – электр қармағы пен аша табылып, олардың көмегімен  37 кг балық ұсталғаны анықталды.

Оқиға орнында жиналған материалдар  мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-87/

 
0
0
200

Осы тақырып бойынша

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде - Yvision.kz