Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықаралық балаларды қорғау күні Катермен таңғажайып серуен жасау

2014 ж. 1 маусымында ҚР Үкіметі, БҰҰДБ және Samsung Electronics Central Eurasia – нің «Электрондық қалдықтарды басқару» бірлескен жобасы балалар мен олардың ата – аналарына арналған экологиялық–ағарту акциясын – Есіл өзені бойымен әдеттен тыс серуен ұйымдастырады.

Шараның басты мақсаты – электрондық қалдықтардың зияны мен бұзылып, жарамсыз болған не пайдаланылмайтын ұялы телефондар, батареялар, зарядтайтын құрылғыларды, яғни үйде қордаланып қалған жұмыс істемейтін не ахлақтық тұрғыдан айтқанда көнерген ұсақ электрониканы, экологиялық қауіпсіз түрде кәдеге жаратудың қажеттілігі жайлы халықтың хабардарлығын арттыру.

Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, мектеп қабырғасынан бастап – ақ өскелең ұрпақ бойында экологияшыл әрі қоршаған ортамен ұқыпты да жауапкершілікке толы қарым – қатынас жасаудың қажеттігін толық түйсінетін сана-сезім қалыптастыра беру маңызды болып саналады.

Басты шарт: кез келген ұсақ электроника – бұлар кірер жерде экоқорапқа (электрондық қалдықтарды жинауға арналған арнайы контейнер) жөнелтіледі – катерге «билет» болып табылады.

Сумен серуен жасау барысында балаларға түсінікті ойын түрінде электрондық қалдықтардың зияны мен (олардың құрамындағы қауіпті заттар өртеу мен топыраққа әрі жер асты суларына түсуі арқылы қоршаған орта мен адам денсаулығына орны толмас зиян келтіретіндігі себебінен) оларды жұртқа ортақ қоқыс төгетін жерлерге тастауға болмайтыны туралы әңгімеленетін болады,

Жоба Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі тұжырымдамасын іс жүзіне асыруға жәрдем беруге бағытталған, Қазақстандағы электрондық қалдықтарды ұтымды басқаруға қол жеткізудің көкейкесті мәселелерін көтереді.

Іс-шара БАҚ үшін ашық. Жиналу орыны мен айы – күні: Астана, 2014 ж. 1 маусымы, Тұран көш., 2/1, Суда құтқару қызметінің айлағы, бірінші рейс серуенге 11:00 – де, екіншісі – 12:00 – де аттанады. Серуен бір сағатқа созылады, навигацияның ұзындығы шамамен  6,0 км. Орын саны – 65.

Анықтама: 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы (836 (IX) резолюциясы) бүкіл дүние жүзі бойынша балалардың берекелі өмірін қамтамасыз етуге бағытталған іс – әрекетке арналған, балалардың бүкіләлемдік бауырластығы және өзара түсіністігі күні ретінде барлық елдерге Дүниежүзілік балалар күнін мейрамдауды іс-тәжірибеге енгізу туралы кеңес берді. Ол үкіметтерге бұл Күнді олардың әрбірі өз мақсатына сай деп есептейтін күндердің кез келгенінде мейрамдауды ұсынды. 20 қараша Ассамблеяның 1959 жылы Бала құқықтарының декларациясын, ал 1989 жылы – Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияны қабылдаған күні болып саналады. (http://www.un.org/ru/events/childrenday/ ). Елімізде осы мереке 1- мамырда аталып өтіледі және дәстүрлі түрде Балаларды қорғау күні деп аталады.

БАҚ – қа арналған байланыс дерегі: Бағлан Құлымбаева, Жобаның PR-сарапшысы, +7 701 729 17 57, e-mail: [email protected]

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-94/

 
0
0
369

Осы тақырып бойынша