Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада автокөлік құралдарын кәдеге жарату мәселелері талқыланды

2014 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров көлік құралдарын кәдеге жарату және көлік секторындағы энерготиімділік мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.

Аталған шараға ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Басқосу барысында Н.Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында автокөлік паркін жаңартуды ынталандыру мақсатында көлік құралдарын кәдеге жарату және осы сектордағы энерготиімділікті жоғарылатуды көздейтін жаңа бағдарламаны әзірлеу қарастырылғаны туралы баяндады.

Сонымен қатар министр автокөлік өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу секторының дамуына таяуда қабылданған 2050 жылға дейінгі тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін қайта жаңғырту бағдарламасында карастырылып енгізілген өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) нормасының қосымша түрткі болатындығын жеткізді. ӨКЖ механизмдері өндірушілерге автокөлік құралдарының жоспарлы ескіруін алдын ала қарастыру мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, ӨКЖ енгізу арқылы автокөлік өндірісі қалдықтарын, оның ішінде автокөлік құралдары мен жарамсыз дөңгелек шиналарын жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу шығындарының белгілі бір бөлігін өндіруші (немесе импорттаушы) есебінен жабуға болады.

Мұндай шаралар автокөлік өндірісі қалдықтарын кәдеге жаратудың тиімді жүйесінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Отырыс барысында, сондай-ақ, автокөлік құралдары мен оның компоненттерін кәдеге жарату Тұжырымдамасы, Қазақстанда ӨКЖ нормасын енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар, шараға қатысушылар «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының дөңгелек шиналарын өндірушілердің ӨКЖ нормаларын өз еркімен енгізу бастамасы қарастырылды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/2014/05/103-93/

 
0
0
916

Осы тақырып бойынша