Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Хорватия Камерунды ойсырата жеңді

«Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кездесуінде Хорватия құрамасы Камерун құрамасын ойсырата жеңді» деп хабарлайдыTengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

Манаустың «Амазония» стадионында өткен «А» тобындағы ойын 4:0 есебімен аяқталды. Голдың авторлары — Ивица Олич, Иван Перишич және Марио Манджукич (екі доп).

Сонымен бір жеңілісі мен бір жеңісі бар Хорватия топтық кезеңнен плей-офф турниріне өту мүмкіндігін сақтап қалды. Ал екі ойында да жеңіліс тапқан Камерун ондай мүмкіншіліктен біржолата айырылды.

ӘЧ-2014 12 маусымда басталып 13 шілдеде мәресіне жетеді. Теңбіл доп додасының финалдық бөлігіне 32 ұлттық құрама қатысуда. Қазақстандық жанкүйерлер үшін әлем чемпионаты KazSport, «Қазақстан» және «Евразия» Бірінші арнасы арқылы көрсетіледі.

ӘЧ-2014 жеңімпазы 35 миллион долларды қанжығасына байлайтын болады. Екінші орын үшін сыйақы мөлшері — 25, үшінші орынға — 22 миллион доллар. Доданың фавориттері Бразилия (бұған дейін 5 рет жеңген), Италия (төрт рет), Германия (үш рет), Аргентина (екі рет).

     
Тектес:Бразилия
Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Футбол  

Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/football/ach-2014-horvatiya-kamerundyi-oysyirata-jend-254810/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 
0
0
169

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Хорватия Камерунды ойсырата жеңді - Yvision.kz