Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Ресей мундиальда бельгиялықтардан жеңiлiс тапты

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 11-шi ойын күнiнде Ресей құрамасы Бельгиямен кездесу өткiздi.

Төмен жылдамдықта өткен матчта қарсыластар ойынның соңғы минуттарына дейiн гол сала алмай келдi. Дегенмен 88-минутта Ориги бельгиялықтарды алға шығарды. Айта кетейiк, ресейлiк команда мундиальда осымен екiншi матчты сүреңсiз өткiзiп отыр. Бұның алдында Оңтүстiк Корея құрамасымен кездескен олар 1:1 есебiмен тең түстi. Ал Бельгия құрамасы бұның алдында Алжир футболшыларын ұтқан.

Астана уақыты бойынша, 01:00-де Алжир мен Оңтүстiк Корея футболшылары алаңға шығады. Бұл ойынды да «Еуразия» Бiрiншi арнасынан» көруге болады.

Ал 04:00-де Португалия мен АҚШ өзара кiм мықтыны анықтамақ. Оны «Қазақстан» мен KazSport телеарналары тiкелей эфирде тарататын болады.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
263

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Ресей мундиальда бельгиялықтардан жеңiлiс тапты - Yvision.kz