Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Мексикадан жеңiлiп жатқан Нидерланды санаулы минуттарда жеңiске жеттi

Мексикадан жеңiлiп жатқан Нидерланды санаулы минуттарда жеңiске жеттi

Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында жолдары түйiскен Мексика мен Нидерланды өзара кiм мықты екенін анықтады.

Бұл матчта фаворит деп танылған Нидерланды сенсациялық жағдайда матч бойы мексикалықтарға 0:1 есебiмен жол берiп келе жатқан болатын.

Джованни Дос Сантос 48-ші минутта голландиялықтардың қақпасына гол салған-тын.

Нидерландықтар оқтын-оқтын шабуылға шығып отырғанымен, Мексика құрамасының қақпашысы Очоа бар қауiптiң бетiн сәттi алып отырды. Дегенмен соңғы минуттарда алдымен Уэсли Снейдер, кейiн пенальтиден Хунтелаар есептi 2:1-ге жеткiздi.

Осылайша Нидерланды 1/4 финалға өттi.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
189

Осы тақырып бойынша