Ақмола облысының полицейлері мен ҮЕҰ адамды азаптауға жол бермеу мәселесін талқылады.
Ақмола облысының полицейлері мен ҮЕҰ адамды азаптауға жол бермеу мәселесін талқылады. «BNews.kz», 30.06.2014ж.
Ақмола облысында полицейлер құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп адамды қинап-азаптаудың алдын алу және жол бермеу мәселесін талқылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараны ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы ұйымдастырды. Қатысушылардың алдында «Үміт сәулесі» адам құқықтарын қорғау және туберкулезге қарсы күрес қоғамдық қорының директоры Любовь Рубежанская баяндама жасады. Ол Қазақстан ҮЕҰ Ақмола облысында адамды қинап-азаптауға қарсы коалициясын басқарады.
Оның айтуынша, коалицияның міндеті – қоғамда адамды қинап-азаптауға нөлдік төзімділік қалыптастыру. Рубежанская коалицияға жүгінген бірнеше құрбандарды мысалға келтірді, олардың барлығына заң көмегі көрсетілген. Қор директоры сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында қоғамдық бақылау жүргізу коалицияның басым міндеті екенін атап өтті.
Сонымен қатар кездесу аясында прокуратура органдары, қылмыстық атқару жүйелері өкілдері мен ІІД қызметкерлері сөз сөйледі.
