Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұбы белгілі болды: «Ақтөбе» «Стяуамен» ойнайды

Футболдан Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шыққан барлық командалардың қарсыластары белгіленіп, жұпталды. Бұл кезеңнің алғашқы кездесулері 29-30 шілде аралығында өтеді, ал қарымта кездесулері 5-6 тамызға жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионы — «Ақтөбе» футбол клубы бұған дейін өз алаңында тбилисилiк «Динамо» командасын 3:0 есебiмен тiзе бүктiріп, үшінші кезеңге жолдама алған болатын. Олардың бұл жолғы қарсыласы румыниялық  «Стяуа» командасы болып белгіленді.

Жұптар:

«Карабах» (Азербайжан) — «Зальцбург» (Австрия)

«Дебрецен» (Венгрия) — БАТЭ (Беларусь)

«Слован» (Словакия) — «Шериф» (Молдавия)

«Ольборг» (Дания) — «Динамо» (Загреб, Хорватия)

«Легия» (Польша) — «Селтик» (Шотландия)

«Ақтобе» (Қазақстан) — «Стяуа» (Румыния)

«Марибор» (Словения) — «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль)

ХИК (Финляндия) — АПОЕЛ (Кипр)

«Спарта» (Чехия) — «Мальме» (Швеция)

«Лудогорец» (Болгария) — «Партизан» (Сербия)

«Днепр» (Украина) — «Копенгаген» (Дания)

«Фейенорд» (Нидерланды) — «Бешикташ» (Турция)

«Грассхоппер» (Швейцария) — «Лилль» (Франция)

«Стандард» (Бельгия) — «Панатинаикос» (Грекия)

АЕЛ (Кипр) — «Зенит» (Ресей).

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
228

Осы тақырып бойынша

Үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұбы белгілі болды: «Ақтөбе» «Стяуамен» ойнайды - Yvision.kz