EXPO көрмесіне дайындық барысы
ЕХРО көрмесі бізге не береді? Жоспарда қандай ғимараттар тұрғызу идеясы бар? Астана көрмесіне туристерді көптеп тарту үшін не істеу керек? Туристерді қызықтыратын қандай ұлттық бағыттар мен тақырыптар бар? ЕХРО көрмесі Қазақстанның «жасыл» экономикасын дамытуға не береді?
Лондонда өткен алғашқы әмбебап көрме бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ал, 1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени жетістігі - Эйфель мұнарасы. Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады.
Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер бар.
Елімізге бағыт алған бұл сабақтастықты Қазақстан қалай жалғамақ? ЕХРО көрмесі бізге не береді? Жоспарда қандай ғимараттар тұрғызу идеясы бар? Астана көрмесіне туристерді көптеп тарту үшін не істеу керек? Туристерді қызықтыратын қандай ұлттық бағыттар мен тақырыптар бар? ЕХРО көрмесі Қазақстанның «жасыл» экономикасын дамытуға не береді?
Телерепортаж осы тектес сауалдарға 1851 жылдан бері ЕХРО көрмесін өткізген әрбір мемлекеттің жолымен жүріп, тәжірибесі мен жетістіктерімен сабақтастыра отырып, жауап іздейді, дәлелдейді. Сол арқылы біз өткеннің өнегесіне көз жүгіртіп, болашаққа бағдар жасаймыз.

«EXPO жолы» атты танымдық репортаж аптасына 1 рет сейсенбі күні сағат 19:05-те эфирге шығады. Сәрсенбіде 13:05-те бағдарламаның қайталанатын уақыты.
