Мазмұнға өту

Жаңа

Ұлы қолбасшы Әмір Темір тұсындағы тарихи шаһарлар

Әлемнің әміршісі деген асқақ атқа ие болған Әмір Темір хақында ұлы далада талай-талай аңыздар қалған. Өз уақытында 27 мемлекетті уысында ұстаған әміршінің даңқы жаһангерлігімен қоса, Орталық Азиядағы атақты қалалардың салынуымен де әйгілене түсті. Оның тарихқа қалдырған тәбәрігі ретінде қай шаһаларды айтады?

Әмір Темірдің әйгілі жорықтары мен ғажап қалалардың тарихына үңіліп, тың мәліметтерді «Ғажайып туынды» бағдарламасында ашайық!

0
0
1487

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысын шығарды

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Дәулен Дәулетұлы Нұралиннің қатысуымен өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/soltustik-kazakstan-oblysynyn-sudyalary-2014-zhylgy-birinshi-zhartyzhyldyktagy-zhumystyn

0
0
263

Жастар үшін жалған іс-шаралар өткізіп келген екі шенеунік қамауға алынды

Білім және ғылым министрлігі қаржы басқармасының бастығы Қалдыбаев пен жастар саясаты басқармасының бастығы Ыбыраевқа қатысты қаржы полициясы қылмыстық іс қозғады. Олар балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға арналған қоғамдық іс-шаралар өткізілгені туралы жалған есеп берді деп айыпталуда. Салдарынан мемлекетке сексен миллион теңгеден астам шығын келген. Бұл туралы Қаржы полициясының Астана қаласы бойынша департаментінде айтылды. Онда үстіміздегі жылдың бірінші жартысында жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар қорытындысы талқыланған. Қаржы полицейлерінің мәліметіне сай, қос шенеуніктің Ақтөбеде бұқаралық шаралар өткізілді деп берген есептері жалған болып шыққан. "Білім және ғылым министрлігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты қозғалған іс бойынша, олар Ақтөбе қаласында бұқаралық…

0
0
482

«Шетелдегі қазақ балалары»

Жанар Байсемізова: "Мұхит асқан балалардың шырылына бір сәт құлақ түріп көрдік пе?" Бұл ақпараттық-сараптамалық бағдарлама шет мемлекеттерге кеткен қазақ балалар өмірінің бір бөлшегін көрсетеді. Хабарда осы балалардың өмір сүру ортасы, тағдырлалы, тұрмыс деңгейі жан-жақты баяндалады. Деректік-танымдық «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының басты мақсаты – бағдарлама арқылы сыртқа ағылған қазақстандық жетім балалар мен олардың туған жері арасындағы байланыс орнату мен қарым-қатынасты үзбеу. "Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан шығуының да өзіндік мәні бар. Ешбір арнада баламасы жоқ және еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынған, қазақ халқы үшін маңызды жоба «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымы Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызының тікелей қолдауымен, басшыл…

0
0
1574

7 арнаның визажисті: «Боянған әйел мұрнын кере жүреді» @tv7_kz

Ибрагимова Айгүл Тохташқызы, визажист — Сіз қазір 7 арнада визажист боп қызмет атқарасыз. Әу бастан осы саланы көздеген ба едіңіз? — Мен әу баста шаштараз едім. Шаш қиюды 11 жаста бастадым деп айта алмаймын, бірақ, осы жасымда алғаш рет шаш қиғанмын. Інімді түрсишең далаға отырғызып қойып, шашын алғанымнан басталған. Үйде дәу қара қайшы болатын, онымен мата да, жіп те кеседі, мен сонымен шаш қиятынмын. Солай-солай үйдегі анамның, әкемнің, інілерімнің бастарын «жаңартып» тұратын болдым. Кейін есейгенде шашатараздың оқуын оқимын дедім, үйдегілер жібергісі келмеді. «Ой, не бар, ешқашан өспейсің, бір креслоны айналып тұра бересің ба, керек емес,» — деп, мені бұғалтырдың оқуына жібергісі келді. Ал, менің ол оқуға барғым келмеді. Неге екенін, әйтеуір тартпады. Халықпен араласқан, сөйлескен ұнай…

2
1
1312

Алматыда волейболдан әлемдік Гран-при ойындары басталады

25 шілде күні Алматы қаласында және Перу, Пуэрто-Рика және Мексикада волейболдан бір мезетте әлемдік Гран-при ойындары басталады. Әлемдік Гран-при ойындары Халықаралық волейбол федерациясының қамқорлығы аясында осымен 22-ші рет өткізіліп отыр. Мамандардың айтуынша, бұл жолы Қазақстан құрама командасы шеберлік деңгейі және әлемдік рейтингі бойынша өзімен тең командалармен бақ сынасады. Демек, финалдық кезеңге өтуге мүмкіндік бар. «Халықаралық волейбол федерациясының соңғы конгресінде командалар тек әлемдік рейтингтері бойынша топтастырылды. Олар үш топқа бөлінді. Меніңше, бұл әділ жасалды. Ал енді неге үшінші дивизионның финалдық турнирі Алматыда өтпеді деген сұраққа келер болсақ, әрине финалдық турнирді өткізетін елдің ұлттық құрама командасы автоматты түрде финалда ойнайды. Біз өтінім бе…

0
0
359

Нибали «Тур де Франстың» тағы бiр кезеңiн жеңді

Винченцо Нибали
Жалпы есепте топ бастап келе жатқан «Астана» капитаны Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 18-ші кезеңiнде мәреге бiрiншi келдi.

Pau /Hautacam қалалары арасында өткен 145.5 шақырымдық жарыс барысында Нибали соңғы 10 шақырым қалғанда шабуылға шығып, таулы мәре барысында қарсыластарын шаң қаптырып кеттi. Айта кетейiк, 29 жастағы «Астана» капитаны биыл суперкөпкүндiкте төртiншi рет жеңiске қол жеткiзiп отыр.

Жалпы есепте В. Нибали көш бастауда.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
211

Қазақстанда Ұлттық студенттер лигасы құрылды

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де футболдан «Ұлттық студенттер лигасының» таныстырылымы өтті. Шараға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Сейділдә Байшақов, Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері Асқар Уранхаев, бірқатар ЖОО ректорлары қатысты. Елімізде жаңадан қолға алынған жобаның қаржыландырылуы жайлы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты. «Ұйымдастыру жұмыстары министрлік тарапынан қаржыландырылатын болады. Ал, командаларды жабдықтауды ЖОО өздері қамтамасыз етеді. Қазылардың жұмысын, БАҚ арқылы жариялауды Қазақстан Футбол федерациясы өз мойнына алады. Сондай-ақ, ірі чемпионаттарды ұйымдастыруға әлеуметтік-жеке серіктестік негізінде ірі компаниялар де…

0
0
335

«Астана» командасы келесі кезеңге өтті

Қазақстанның «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының екiншi кезеңiнде «Хапоэльмен» қарымта матч өткiзiп, 0:1 есебiмен жеңiлiс тапты.

Алғашқы тайм барысында сылбыр ойнаған футболшылар бiр-бiрiнiң қақпасына гол сала алмай, үзiлiске аттанды. Ал екiншi таймда қазақстандық клубтың қарсыластары айып добын тебуге мүмкiндiк алды және «тоғыз метрлiктi» «Хапоэльдiң» шабуылшысы Лукас Саша мүлтiксiз орындап, «Астана» қақпасында доп тулатты.

Айта кетейiк, Астанада өткен бiрiншi кездесуде жергiлiктi команда «Хапоэльге» жауапсыз 3 гол тоғытқан болатын. Осы жеңiсiнiң арқасында жалпы қорытынды бойынша 3:1 есебiмен жеңiске жеткен «Астана» Еуропа Лигасының үшiншi раундына жолдама алды.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
211

«Қайрат» «Эсбьергке» есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмай қалды

Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының екінші квалификациялық раунды аясында Данияның Эсбьерг қаласында жергілікті «Эсбьерг» командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Ойын басталысымен «қайраттықтар» жинақылық танытып, барынша ұқыпты ойнауға тырысты. Дегенмен, даниялықтар ойын тізгінін қолдан шығарған жоқ. Алаңның орталығы солардың иелігінде болды. Ойынның 31-минутында қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланған даниялық Якоб Анхельсон доп соғып, есепті ашты. Артынша «қайраттықтар» үшін есепті теңестіруге мүмкіндік туды. Бірақ Исаэлдің тепкен добы қақпаның маңдайшасына тиіп, кейін серпілді. Бірінші таймда даниялықтардың тепкен сегіз добының төртеуі қақпаға дәл бағытталса, «қайраттықтардың» тепкен бары-жоғы үш добы қақпа сыртына кетті. Екінші таймда ойын сипаты өзгерген жоқ…

0
0
313