Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Шетелдегі қазақ балалары»

Жанар Байсемізова: "Мұхит асқан балалардың шырылына бір сәт құлақ түріп көрдік пе?"

Бұл ақпараттық-сараптамалық бағдарлама шет мемлекеттерге кеткен қазақ балалар өмірінің бір бөлшегін көрсетеді. Хабарда осы балалардың өмір сүру ортасы, тағдырлалы, тұрмыс деңгейі жан-жақты баяндалады.

Деректік-танымдық «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының басты мақсаты – бағдарлама арқылы сыртқа ағылған қазақстандық жетім балалар мен олардың туған жері арасындағы байланыс орнату мен қарым-қатынасты үзбеу.

"Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан шығуының да өзіндік мәні бар. Ешбір арнада баламасы жоқ және еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынған, қазақ халқы үшін маңызды жоба «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымы Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызының тікелей қолдауымен, басшылығымен жүзеге асқанын айта кеткім келеді. Қазақтың балалары шашырап кеткен елдерге барып, бірнеше мемлекеттен сериялық репортаж әзірлеу үшін қыруар жұмыс атқарылды. Бұл кезекте «Шетелдегі қазақ балалары» жобасына жан-жақты қолдау көрсеткен ҚР Сыртқы істер министрлігінің еңбегі ұшан-теңіз. «Шетелдегі қазақ балалары» шетелге бала беруге жарнама емес! Біз осы бастама арқылы халқымызға ой салуға талпынамыз."

- дейді бағдарлама жүргізушісі Жанар Байсемізова.

Осы бейнебаянда Америка Құрама Штаттарындағы қазақ балалары жайлы сөз болады.

 

0
0
1561

Осы тақырып бойынша

«Шетелдегі қазақ балалары» - Yvision.kz