Мазмұнға өту

Жаңа

«Барыс» Екатеринбор турнирінің жеңімпазы атанды

Елордалық «Барыс» хоккей клубы Қазақстанның конституция күні мерекесі қарсаңында Екатеринборда өткен «Тас гүл» турнирінде жеңіске жетті.

Финалдық кездесуде қазақстандық команда жергілікті «Автомобилисті» 4:2 есебімен ұтып кетті.

Бұған дейін хабарланғандай, елордалық «Барыс» бұл турнирге бір аптадан кейін басталғалы тұрған КХЛ-дің жаңа маусымына дайындық барысын пысықтау үшін қатысқан болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
311

Дзюдодан Қазақстан құрама командасы Әлем біріншілігінде бірде-бір медальге қол жеткізе алмады

Дзюдодан Қазақстан құрама командасы Ресейдің Челябинск қаласында өтіп жатқан Әлем біріншілігінде бірде-бір медальге қол жеткізе алмады. Бұл біріншілікке жаттықтырушылар штабы ұлттық құраманың екінші және үшінші нөмірлі дзюдошыларын алып барған болатын, — деп хабарлайды Қазақстанның дзюдо федерациясының баспасөз қызметі. Бұған дейін журналистерге берген сұхбатында дзюдодан Ұлттық құрама команданың бас бапкері Ермек Имамбеков: «Біз үшін биылғы жылдың басты сайысы — Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін (19 қыркүйек — 4 қазан) Азия ойындары ғой. Оған еліміздің ең мықты деген айтулы дзюдошыларын алып барамыз. Дегенмен, қалай болғанда бұл Әлем біріншілігінде қайсысынан болмасын екі медальді жеңіп алу жоспарымызда бар. Оның бірін, Максим Раков әкелуі тиіс. Өйткені жаттықтырушылар штабы оған…

0
0
343

САМБО: Арман Оспанов Әлем Кубогына қатысады

Самбодан Әлем чемпионы, Қазақстандық самбошы Арман Оспанов алдағы 5-8 қыркүйек аралығында Болгарияның Бургас қаласында самбодан өтетін Әлем Кубогына қатысады, — деп хабарлайды sports.kz сайты.

Арман Оспанов бұл жарысқа алдағы 3 қыркүйекте аттанады.

Айта кетелік, «Алаш Прайд KZ» жауынгерлік клубының «Сұңқары» атанған сайыпқыран, аралас жекпе-жектің шебері Арман Оспанов таяуда Тайландта бір айлық оқу-жаттығу жиынын өткізіп қайтқан болатын.

Басты сөздер: Спорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
0
0
369

Платини ФИФА президенттігі сайлауына қатыспайтынын айтты

УЕФА президенті Мишель Платини 2015 жылдың мамырында өтетін ФИФА президенттігі сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ВВС-ге сілтемемен egemen.kz хабарлады. Бұған, сірә, Халықаралық футбол федерациясын 16 жыл бойы үзіліссіз басқарып келе жатқан Зепп Блаттердің бесінші мерзімге бәйгеге түсуге ниетті екенін бұдан бұрын баяндап үлгергені себеп болған шығар. 59 жастағы Мишель Платини — ХХ ғасырдың ең үздік футболшыларының бірі. Тегі итальян ол Франция құрамасы сапында ойнады. Қазір УЕФА-ға басшылық етіп келе жатқан футбол функционері таяуда Монте-Карлода өткен Еуропа футбол қауымдастығы одағының 54-ші кездесуінде бар назары мен күш-жігерін осы лауазымына жұмсай беретінін айтты. Би-би-си тілшісі Ричард Конвейдің хабарлауынша, Платинидің жиындағы бұл мәлімдемесін жин…

0
0
209

Илья Ильин жаңа рекорд орнатты

Қазақстандық екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин жаңа жеке рекордын орнатты. Ол 242 кг зілтемірді еңсерген. Бұл туралы спортшы өзінің Инстаграмдағы жеке парақшасында жария етті.

«Менің тағы бір жаңа рекордым. Серпе көтеруде 242 кг-ні бағындырдым», — деп жазды ол өзінің жаттығуы кезінде түсірілген видеосына пікір ретінде.

Сондай-ақ, ол өзінің әріптесі Алмас Өтешовті де жаңа жеке рекордын орнатуымен құттықтаған. «Серпе көтеруде 230 кг-ні еңсерген Алмас Өтешовті құттықтаймын. Ол 25 қыркүйекте Инчхонда басталатын Азия ойындарында ел атынан сынға түсетін болады», деп жазды чемпион.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
273

Сұмдық!

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕН КОНСТИТУЦИЯДАҒЫ ОРЫС ТІЛІ ТУРАЛЫ БІР СӨЙЛЕМ!.. СОЛ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫМАЙ, ТІЛІМІЗ КӨГЕРМЕЙДІ!.. Қазақстандағы тіл дамуының саяси-әлеуметтік проблемалары Алдымен цифрларды сөйлетейік. 1999 жылғы санақ бойынша, Қазақстан халқы 14 953 13 мың болса, ұлттық құрамы төмендегіні көрсетті: қазақтар – 7 985 000 (53,4%), орыстар – 7 985 000 (29,96%), украиндар – 547 100 (3,66%), өзбектер – 370 000 (2,48%), немістер 353 400 (2,36%), татарлар – 249 000 (1,66%), ұйғырлар – 210 400 (1,41%), белорустар – 111 900 (0,75%), корейлер – 99 700 (0,67%), әзербайжандар – 78 300 (0,52%), түріктер (75 900 (0,51%), поляктар – 47 300 (0,32%), дұнғандар – 36 900 (0,25%), шешендер – 31 800 (0,21%), тәжіктер – 25 700 (0,17%), башұрттар – 23 200 (0,16%), молдавандар – 19 500 (0,13%), ингуштер – 16 9…

0
0
449

«Қазақта бұрын мемлекет болмағанын» Путин де айтты

Ресейлік жастармен кездескен Владимир Путиннің қазақ мемлекеті тарихына қатысты жауабы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін айтқан пікірімен үндес шықты. Ресей президенті Владимир Путин. Тверь, 29 тамыз 2014 жыл. Ресей президенті Владимир Путин бүкілресейлік “Селигер-2014″ жастар форумы кезінде студенттердің Қазақстан жайлы сауалына да жауап берді. «ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙДІҢ ЖАҚЫН ОДАҚТАСЫ» Кездесуде “Украинадағы ұлтшылдықты” қауіп қылған студент “Қазақстанның оңтүстігінде де ұлтшылдық көңіл-күй артқанын”, “мұны тежеп тұрған фактор – президент Назарбаев” екенін айта келе: “Назарбаев мырза президенттіктен кетсе, украин сценарийін күтеміз бе?” деп сұрады. Владимир Путин Қазақстан Ресейдің “жақын стратегиялық одақтасы және әріптесі” екенін, президент Назарбаевтың “дені сау, әзірше ешқайда кетпейтін…

0
0
289

Мектепке «әліппемен» барамыз!


Ағымдағы жылдың 27-ші тамызында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Астанадағы ғимаратында «Мектепке «ӘЛІППЕМЕН» барамыз!» деп аталатын дәстүрлі шара болып өтті. Бір қуанарлығы, компания қызметкерлерінің мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған балаларын құттықтап, қадамдарына ақ жол тілеп, шығарып салуы 6 жылдан бері ізгі дәстүрге айналыпты. Ең бастысы, мұндай шараның мақсаты - бүлдіршіндерді құттықтаумен қатар, мемлекеттік тіл саясатын компанияда және оның қызметкерлерінің отбасында насихаттауда, ана тілімізді отбасылық құндылыққа айналдыруда жатқанын көріп, қуанышымыз екі еселенді. Қадамдарың құтты болсын, балақайлар! (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
223

Ескерткіштеріміз «Ұлы Россия» деп ұрандауын қояр емес

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Алматыдағы 28 панфиловшылар (дұрысы «28 панфиловшы» болуы керек) саябағында Екінші дүниежүзілік соғысы қаһармандарының («Ұлы Отан соғысы» деуге де келмейді) рухына арнап орнатылған бір ескерткіштің тұрғаны белгілі. «Тұра берсін…» дерміз-ау, егер оның мәні мен сәнін етегіндегі «алтын әріпті» жазуы құртпаған болса! Қараңыз, «Велика Россия, а отступать некуда, позади Москва. Политург В.Клочков» дейді. О тоба, келмеске кеткен қызыл КСРО «Ұлы Ресей» емес еді ғой, ол кезде!.. Бұл не сандырақ?! Демек, санамызға сынадай қағылған орыстың отарлық пиғылы әлі де өз үстемдігін әйгілеп тұр мұнда. Қызыл билетін сандығының түбіне сары майдай сақтап жүрген «советтік сарқыншақтар»: «Ескерткіш сол қалпында сақталып қалуы керек. Ол – тарих!»,- деп шыр-пыр етеді, кейінгі буын үстіндег…

0
0
617

Назарбаев оқушыларды білім күнімен құттықтады

Фото AFP мұрағатынан алынды Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл ғана пайдалануға берілген көпсалалы №75 мектеп-гимназиясында болып, оқушыларды білім күнімен құттықтады. Ол мектепке 1313 астаналық оқушы қабылданды, деп хабарлайдыTengrinews.kz. тілшісі. "Бүгін білім күні. Қазіргі күні бүкіл Қазақстан бойынша 7600 мектепте 2 миллион 600 мың оқушы партаға отырды. олардың 300 мыңы бірінші сыныпқа қабылданғандар. Мен барлық оқушыларды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Әрине ата-аналар мен ұстаздар қауымына да толағай табыс тілеймін", - деді Елбасы бұл білім ордасының ашылу салтанатында. Н. Назарбаев Қазақстанның болашағы ұстаздардың қолында екенін атап өтті. "Бұл тұрғыда оқушыларға білім беру ісі ең маңызды болып отыр. Еліміздегі әр баланың бойында патриоттық сезімдер болып, жасы үлкендер м…

0
0
411