Назарбаев оқушыларды білім күнімен құттықтады

Фото AFP мұрағатынан алынды
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл ғана пайдалануға берілген көпсалалы №75 мектеп-гимназиясында болып, оқушыларды білім күнімен құттықтады. Ол мектепке 1313 астаналық оқушы қабылданды, деп хабарлайдыTengrinews.kz. тілшісі.
"Бүгін білім күні. Қазіргі күні бүкіл Қазақстан бойынша 7600 мектепте 2 миллион 600 мың оқушы партаға отырды. олардың 300 мыңы бірінші сыныпқа қабылданғандар. Мен барлық оқушыларды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Әрине ата-аналар мен ұстаздар қауымына да толағай табыс тілеймін", - деді Елбасы бұл білім ордасының ашылу салтанатында.
Н. Назарбаев Қазақстанның болашағы ұстаздардың қолында екенін атап өтті. "Бұл тұрғыда оқушыларға білім беру ісі ең маңызды болып отыр. Еліміздегі әр баланың бойында патриоттық сезімдер болып, жасы үлкендер мен ата-аналарын сыйлайтын болуы тиіс. Бұл бүгінгі қоғамның ең басты құндылығы. Ол біздер, яғни қазақстандықтарға тиесілі", - деп сөзін жалғастырды. Елбасының айтуынша, биыл республика бойынша жаңадан 153 мектеп бой көтеретін болса, солардың 63-і дәл бүгін оқушыларды қабылдады. "Тәуелсіздігімізді алғалы бері мыңнан астам мектеп аштық. Бұл сайып келгенде жастарға қамқорлық болып есептеледі. Қазақстанда үштілде сабақ беру қалыпты жағдайға айналды. Мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілін білу бүгінгі күннің талабы болып табылады", - деп атап өтті Мемлекет Басшысы (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
