6 қыркүйекте Астанада Олимпиада күні аталып өтіледі
6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті, Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Олимпиада күнін ұйымдастырады, деп хабарлады «Бәйтерек» медиа-орталығынан. «Бұл мереке 1894 жылы 23 маусымда Пьер де Кубертен және оның серіктестері Олимпиада ойындарын жаңғыртып, Халықаралық Олимпиада комитетін (ХОК) құруына орайластырылды», делінген хабарламада. Бүгінде әлемде 200-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеттері Олимпиада күнін атап өтеді. Шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, достық, сыйластық пен спорттық шеберлік тәрізді олимпиадалық құндылықтарды көрсету. «Дәстүр бойынша бұл күні Астанада жүгіруден жарыстар өтеді. Мектеп оқушылары арасында 800 метрге жеке жүгіру, сондай-ақ екінші 800 метрге жек…





