Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Барыс» Екатеринбор турнирінің жеңімпазы атанды

Елордалық «Барыс» хоккей клубы Қазақстанның конституция күні мерекесі қарсаңында Екатеринборда өткен «Тас гүл» турнирінде жеңіске жетті.

Финалдық кездесуде қазақстандық команда жергілікті «Автомобилисті» 4:2 есебімен ұтып кетті.

Бұған дейін хабарланғандай, елордалық «Барыс» бұл турнирге бір аптадан кейін басталғалы тұрған КХЛ-дің жаңа маусымына дайындық барысын пысықтау үшін қатысқан болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
300

Осы тақырып бойынша