Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Илья Ильин жаңа рекорд орнатты

Қазақстандық екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин жаңа жеке рекордын орнатты. Ол 242 кг зілтемірді еңсерген. Бұл туралы спортшы өзінің Инстаграмдағы жеке парақшасында жария етті.

«Менің тағы бір жаңа рекордым. Серпе көтеруде 242 кг-ні бағындырдым», — деп жазды ол өзінің жаттығуы кезінде түсірілген видеосына пікір ретінде.

Сондай-ақ, ол өзінің әріптесі Алмас Өтешовті де жаңа жеке рекордын орнатуымен құттықтаған. «Серпе көтеруде 230 кг-ні еңсерген Алмас Өтешовті құттықтаймын. Ол 25 қыркүйекте Инчхонда басталатын Азия ойындарында ел атынан сынға түсетін болады», деп жазды чемпион.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
259

Осы тақырып бойынша

Илья Ильин жаңа рекорд орнатты - Yvision.kz