Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ескерткіштеріміз «Ұлы Россия» деп ұрандауын қояр емес

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Алматыдағы 28 панфиловшылар (дұрысы «28 панфиловшы» болуы керек) саябағында Екінші дүниежүзілік соғысы қаһармандарының («Ұлы Отан соғысы» деуге де келмейді) рухына арнап орнатылған бір ескерткіштің тұрғаны белгілі. «Тұра берсін…» дерміз-ау, егер оның мәні мен сәнін етегіндегі «алтын әріпті» жазуы құртпаған болса! Қараңыз, «Велика Россия, а отступать некуда, позади Москва. Политург В.Клочков» дейді. О тоба, келмеске кеткен қызыл КСРО «Ұлы Ресей» емес еді ғой, ол кезде!.. Бұл не сандырақ?! Демек, санамызға сынадай қағылған орыстың отарлық пиғылы әлі де өз үстемдігін әйгілеп тұр мұнда.

Қызыл билетін сандығының түбіне сары майдай сақтап жүрген «советтік сарқыншақтар»: «Ескерткіш сол қалпында сақталып қалуы керек. Ол – тарих!»,- деп шыр-пыр етеді, кейінгі буын үстіндегі ескі шапанын сыпырып алып, тыржалаңаш қалдырғалы отырғандай. Құдды, сол ескерткіш қазіргі қазақ қоғамы үшін де үлкен идеология құралы дерсің… «Қызыл шапанын» құртсақ, оның орнын су жаңа «көк шапан» басатынын неге түсінгілері келмейді екен, ә?..

«Көк шапан» дегеніміз – еліміздің бірде-бір қала орталықтарына «бұйырмаған», Алаш арыстарына арналған ескерткіш. «Солардың рухы разы болсын!»,- дегісі келмейді-ей, біздің шалдардың! Жарайды, өзі бодан болған екен, ал неге Тәуелсіздіктің тәубе етерлік игілігін немере-шөберелеріне қиғысы келмегендей қасарыса береді?! (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
609

Осы тақырып бойынша

Ескерткіштеріміз «Ұлы Россия» деп ұрандауын қояр емес - Yvision.kz