Елді елес кезіп жүрген жоқ па?
Бұл аз десеңіз, лентаны тағуды қаракөздер де жатсынбайды. «Георгиевская лента» деп аталатын сыйды Екатерина Екінші 1769 жылы 26 қарашада орыс-түрік (1768-1774) соғысы кезінде Ресей империясына адал қызмет етіп, ерліктің үлгісін көрсетіп, жеңіс жолында тапқырлық танытқандарға беру мақсатында тағайындаған. Мұны Кеңес одағы басқа орден-медальдармен алмастырғанмен, лентаңыз орыс халқы үшін рухани құндылық қатарында сақталып келеді. Енді ол ТМД аумағында өткен ғасырдың көзін көргендердің көзқуанышына айналды. Мұны жас ұрпақтың неге іліп-әкетуінің астарында талай сыр жатыр.



