Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астананың қателіктері

Қала көшелері көркем, айнадай жарқырайды. «Айнадай» тазалықты аңғартса, бұл сөзді қоғамдық орындардағы тіл тазалығына қатысты қолдана алмаймыз. Яғни, жол бойғы атауларды айна-қатесіз деп айтуға ауыз бармайды. Көрікті көшелерге көз сүйсінеді, ал қателерден көз сүрінеді. Тіл тазалығы – ұлт сауатының айнасы, осы айна айғыздалмағаны абзал.

Ел болғалы тіліміз тұғырына тұрақтап, бөгде тілдің қамытын киген қалың атаулар қазақыланды. Алайда, артық салмақтан арылсақ та, жат тілдің жұрнағы жармасып келеді. «Көрмейін десем, көзім бар», көшедегі емлеге сай емес жа­зулар сауатымызға – сұрау белгі.
Қазірге дейін бұл мәселе бірнеше мәрте сөз болып қозғалды, ел болып жүріп біраз олқылықтың орнын толтырдық. Әйтсе де әлі күнге дейін осы әңгімені төңіректеп жүрміз. Бүгін тағы қаптаған қатеден қапа көңіл қолға қалам ұстатты.
Күн сайын жұмысқа бара жатып автобус ішінде дағдыға айналған даңғыл бойынан қаншама қатені көзім шалады. Салтанат сарайына таяғанда аялдама атауы «Салтанат» сарайы» деп жазылғанын байқаймын. Дұрысында салтанат сөзі тырнақшаға алынбай жазылу керек. Мұндағы ғимараттың да, аялдаманың да аты – Салтанат емес, Салтанат сарайы. Сондықтан «салтанат» сөзі оқшауланбай, өзі тіркескен «сарай» сөзімен тұтастай жазылады.

 

ERA 0183 ҚАПТАҒАН ҚАТЕ ҚАПЕРГЕ АЛЫНСА...

Қазақ тіл білімінің ережесі бойынша тіркескен сөздер екі не үш сөзден құралып бір ұғымды білдіреді. Қаламызда тіркесу арқылы жасалған жаңа сөздердің қатарында Салтанат сарайы сынды Министрліктер үйі, Парламент үйі, Үкімет үйі, Жастар сарайы, т.б. атаулар бар. Өкініштісі, осылардың арасында Жастар сарайы көп жерде Салтанат сарайының күйін кешіп жүр. Дегенмен, аталған екі атау өз ғимаратының маңдайшасында дұрыс таңбаланған. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
494

Осы тақырып бойынша

Астананың қателіктері - Yvision.kz