Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Азия кубогы. Қазақстан — қола жүлдегер!

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайда өткен Азия кубогының үшінші орны үшін матчта Жапониядан басым түсті, деп хабарлады «Аламан» спорттық порталы.

Топтық кезеңде Қазақстан қыздары Жапония, Таиланд, Тайпей құрамаларын ұтып, бірінші орынмен ширек финалға шықты. Ал ширек финалда Иран қыздарынан басым түсті — 3:1.

Алайда жартылай финалда Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды- 0:3. Ал қола жүлдемен таласта Жапонияны жеңдік — 3:2. Азия кубогын үш сетте Кореяны ұтқан Қытай құрамасы иеленді.

Волейболдан Азия кубогы екі жылда бір өтетін жарыс.  2002 жылы Алматыдағы жарыста да Қазақстан қола жүлдеге ие болған.

Қазақстан құрамасы енді Азия ойындарына қатысады.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
249

Осы тақырып бойынша