Отбасы күні мерекесіне байланысты ІІМ өткізген іс-шарасы туралы БАҚ-қа ақпарат
Ү.ж. 13 қыркүйек күні «Тай-төбе» демалыс орнында министрліктің жеке құрамы мен олардың отбасыларына арналған Отбасы күні мерекесіне байланысты іс-шара өтті.
Іс-шараның ашылуында ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы Алтынғали Әбдіғалиев, сонымен қатар ІІО мен ҚР Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Берік Сүлейменов сөз сөйледі.
Сол күні демалыс орны аумағында отбасылық спорттық ойындар, жарыстар, ішкі істер органдары қызметкерлері балаларының қатысуымен концерт, балық аулау, сурет салу мен жағажай волейболынан байқаулар өтті.
Байқаулардың қорытындысы бойынша төмендегі нәтижелер анықталды:
«Көңілді жарыстар» байқауында:
І орын – Сайлаубаевтар отбасы;
ІІ место –Кәбженовтер отбасы;
ІІІ место – Нұржановтар отбасы.
«Атқыш» байқауында:
І орын – А. Рамазанов (Көші-қон полиция департаменті);
ІІ орын – Е. Приходько (Жедел-криминалистік департаменті);
ІІІ орын – Н. Сарыбекова.
«Менің отбасым» тақырыбында «Суретші» байқауы бойынша:
І орын – А. Көпжасарова (Көші-қон полиция департаменті);
ІІ орын – В. Мұсабаева (Өзіндік қауіпсіздік департаменті);
ІІІ орын – И. Самат (Төтенше жағдайлар комитеті).
Жағажай волейболы бойынша:
І орын – ҚР ІІМ құрама командасы;
ІІ орын – Кадр жұмысы департаментінің командасы;
ІІІ орын – «Алатау» РММ командасы.
«Салмақпен ең көп балық аулау» бойынша балық аулау байқауынан:
І орын – А. Төлегенова (Төтенше жағдайлар комитеті);
ІІ орын – Н. Жұмеков (Әкімшілік полиция комитеті);
ІІІ орын – Ж. Донбаев (Көші-қон полиция департаменті).
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі
