Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандық боксшылар студенттер арасындағы Әлем біріншілігінде екінші орынды еншіледі

Ресейдің Якутск қаласында бокстан студенттер арасындағы Әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бокс федерациясынан мәлім етті. Жерлестеріміз 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль олжалады. Ақтық сында Әнуар Мұзаппаров (52 кг) француз Маркус Гевианы 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал Нұрзат Сабыровтың (75 кг) ресейлік Сухроб Сидиковтан мерейі үстем болды — 2:1. Бірақ, өкінішке қарай Нұрбол Қалжанов (56 кг) ресейлік Дарман Құттыбековке есе жіберіп алды — 1:2. Мәулен Өскенбек болса (64 кг) өзбек Шахрам Гиясовтан жеңілді — 0:3. Финалда Құлахмет Тұрсынбайдың (81 кг) да жолы болмады. Ол ресейлік Имам Хатаевтан ұтылды — 1:2. Бұған дейін Олжас Байниязов (49 кг) пен Қанағат Ахметов (91 кг. жоғары) қ…

0
0
336

Әлемнің аса мықты 80 боксшысы Талғарға жиналды

Бүгін Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан Бүкіләлемдік бокс академиясына Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) жаңа APB (АИБА Кәсіпқой боксы) жобасына қатысатын әлемнің ең мықты деген 80 әуесқой боксшысы жиналды. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясынан мәлімдеді. Бұл боксшылардың арасында бес отандасымыз — Біржан Жақыпов (49 кг), Ілияс Сүлейменов (52 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Антон Пинчук (91 кг дейін) бар. Алдымен медициналық тексерулерден өткен былғары қолғап шеберлері қазір жаттығуларға кірісті. Сонымен қатар, арнайы курстарға да қатысуда. Ең соңында жігіттер жаңа жобаға байланысты фото-бейне сессияларға қатысады. Ал алдағы 17 қыркүйек күні осында Бүкіләлемдік бокс академиясының ашылу салтанаты болады. Одан кейін APB-дің (э…

0
0
474

Қызылордалық боксшы Әлем чемпионатында күміс жүлдені еншіледі

Ресей Федерациясының Саха Республикасында студенттер арасында бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Якутияда қазақстандық былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальдарды еншіледі. Әлем біріншілігінде қазақстандық құрама команда жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Солардың ішінде қызылордалық боксшы Тұрсынбай Құлахметов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Қызылорда облыстының дене шынықтыру және спорт басқармасының басқармасының баспасөз қызметінен. Ол қорытынды сәтте спортшымыз ресейлік Имам Хатевке есесін жіберіп алды. Жалпы есеппен Қазақстан құрамасы тек Ресей тобына орын беріп, екінші орынға жайғасты. Тағы бір қызылордалық спортшымыз Бағдат Уайдаев жартылай финалға жете алмады. Айта кету керек, бокстан студенттер арасында өткен әлем чемпионаты Якутияда 10 мен 14 қыркүйек ар…

1
0
435

Астаналық оқушылар шахмат шеберімен кездесті

«Кел, жастар, оқылық!» республикалық акциясы шеңберінде «Керуен» СОО шахматтан халықаралық гроссмейстері Динара Сәдуақасова «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, Астана қаласының Білім басқармасы, «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер республикалық ұйымы, Х.С.Омаров атындағы шахмат клубының өкілдерімен және мектеп оқушыларымен кездесті. astana.gov.kz. Акция аясында Динара жас шахматшылар мен қонақтарға бірсеанстық ойын беріп, өз шеберлігімен бөлісті. Үздік ойыншылар Динараның «Шахматтағы алғашқы қадамдар» атты кітабына ие болды. Басылымда Динараның өзіндік тәжірибесі мен ойындағы алғашқы қадамдары, сабақтары берілген болатын. Кітаптың еліміздегі шахматтың дамуына елеулі үлес қосары анық. Кітаптардың бір бөлігі Астана қаласының мектептеріне, тағы бір бөлігі Білім министрлігінің…

0
0
275

Семинар-кеңес туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылдың 16-18 қыркүйегі)

16-шы қыркүйекте Бас прокуратураның Институты ұйымдастырған  Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің жаңа моделіне көшу мәселелері жөніндегі семинар-кеңес өз жұмысын бастады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/seminar-kenes-turaly-baspasoz-akparaty-astana-k-2014-zhyldyn-16-18-kyrkuyegi

0
0
322

Путинге қарсы әндер хитке айналды

Украинада музыкант болып жүрген жерінен АҚШ-қа көшіп, жүк көлігінің жүргізушісіне айналған Вадим Дубовскийдің Путинге қарсы саяси әндері халық арасына кең тарап барады. Жақында ол жаңа «клип» шығарды.

АҚШ-тағы украиналық эмигрант Вадим Дубовский Путинге қарсы саяси әндерімен танылды.

АҚШ-тағы украиналық эмигрант Вадим Дубовский Путинге қарсы саяси әндерімен танылды.

Үлкен жүк көлігінің рөліне отырып даңғыл жолға шыққанда Вадим Дубовский Путиннің сыртқы саясатын сынайтын әндерін айқайлап айтқанды ұнатады. Әлеуметтік желіде жарық көрген оның осындай әндері халық арасында танымал болып кетті. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
347

Отбасы күні қарсанында Жоғарғы Сот қызметкерлері қарттар үйіне барды

2014 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және  әкімшілік қадағалаушы алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыровтың, ҚР Жоғарғы Сот судьясы Ұ.А. Сүлейменованың және ҚР Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испановтың бастауымен Жоғарғы Сот өкілдері «Астана қаласы әкімшілігінің қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік-медициналық мекемесіне» барды. Аталған іс-шара Отбасы күнін атап өтуге бағытталған. Бұл күн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қыркүйектің екінші жексенбісіне белгіленді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/otbasy-kuni-karsanynda-zhogargy-sot-kyzmetkerleri-karttar-uyine-bardy

0
0
566

Жоғарғы Соттың веб-сайты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары арасында көш бастады

Мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарының рейтингісі бойынша ҚР Жоғарғы Сотының веб-сайты 2014 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша (www.facebook.com/AO.Kazcontent) 1 орын алды. Аталған рейтинг «Қазконтент» АҚ-ның 27 мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурстарының контенттік сүйемелдеу мен алға бастыруына жасаған талдауы негізінде шығарылған.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-veb-sayty-memlekettik-organdardyn-internet-resurstary-arasynda-kosh-bastady-0

0
0
692

Қарағандыда полиция қызметкері көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті

АСТАНА. 15 қыркүйек. Қарағандыда полиция қызметкері өзінің жеке «Лада Приора» көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетіп, соның салдарынан 55 жастағы ер адам сол жерде жан тапсырды. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.

Толығырақ...

0
0
392

Бозымбаев Омбы қазақтарының мәселесін шешіп бермек

Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев шекаралас жатқан көрші Омбы облысына барған сапарында мұндағы мектептерде оқытылатын пәндер қатарына қазақ тілін де енгізуді ұсынды. "Бұл ретте әкім үш тілді бірдей оқытатын Қазақстан мектептерін мысалға келтірді" деп хабарлайды "Омскинформ" жергілікті ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған "Алаш айнасы" басылымы. "Ресей Федерациясының қазақ азаматтары түп-тамырынан ажырап қалмас үшін, өзінің тілін ұмытпас үшін, Қазақстанға барғанда өзінің туған-туысымен ана тілінде сөйлесуі үшін біз келісімге келетін боламыз. Омбы облысындағы мектептерде оқытылатын пәндер қатарына біртіндеп қазақ тілін енгізуге қол жеткізетін күн де алыс емес", - деді Бозымбаев Омбы мұнай зауытына барған сапарында. Сондай-ақ ол мектептерді қа…

0
0
1216