Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық боксшылар студенттер арасындағы Әлем біріншілігінде екінші орынды еншіледі

Ресейдің Якутск қаласында бокстан студенттер арасындағы Әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізді.

Бұл туралы бүгін Қазақстанның бокс федерациясынан мәлім етті.

Жерлестеріміз 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль олжалады.

Ақтық сында Әнуар Мұзаппаров (52 кг) француз Маркус Гевианы 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал Нұрзат Сабыровтың (75 кг) ресейлік Сухроб Сидиковтан мерейі үстем болды — 2:1. Бірақ, өкінішке қарай Нұрбол Қалжанов (56 кг) ресейлік Дарман Құттыбековке есе жіберіп алды — 1:2. Мәулен Өскенбек болса (64 кг) өзбек Шахрам Гиясовтан жеңілді  — 0:3. Финалда Құлахмет Тұрсынбайдың (81 кг) да жолы болмады.  Ол ресейлік Имам Хатаевтан ұтылды — 1:2.

Бұған дейін Олжас Байниязов (49 кг) пен Қанағат Ахметов (91 кг. жоғары) қола медальға ие болған еді.

Жалпы командалық есепте Ресей құрама командасы бірінші орынды жеңіп алса, жерлестеріміз екінші орынды еншіледі.

   
Басты сөздер: СпортАлматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
 
0
0
324

Осы тақырып бойынша