Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық боксшы Әлем чемпионатында күміс жүлдені еншіледі

Ресей Федерациясының Саха Республикасында студенттер арасында бокстан әлем чемпионаты аяқталды.

Якутияда қазақстандық былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальдарды еншіледі. Әлем біріншілігінде қазақстандық құрама команда жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Солардың ішінде қызылордалық боксшы Тұрсынбай Құлахметов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Қызылорда облыстының дене шынықтыру және спорт басқармасының басқармасының баспасөз қызметінен.

Ол қорытынды сәтте спортшымыз ресейлік Имам Хатевке есесін жіберіп алды. Жалпы есеппен Қазақстан құрамасы тек Ресей тобына орын беріп, екінші орынға жайғасты.
Тағы бір қызылордалық спортшымыз Бағдат Уайдаев жартылай финалға жете алмады. Айта кету керек, бокстан студенттер арасында өткен әлем чемпионаты Якутияда 10 мен 14 қыркүйек аралығында өтті. Оған әлемнің 12 елінен 79 спортшы қатысты.

Басты сөздер: Қызылорда облысыСпорт
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
 
1
0
429

Осы тақырып бойынша