Мазмұнға өту

Жаңа

Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф-турнирінің жеңімпазы анықталды

Ағылшындық гольфшы Сэм Хатсби Алматыда «Жайлау» гольф-шипажайында осымен 10-шы рет өткен Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф-турнирінің жеңімпазы атанды. Оның нәтижесі минус 19 (269). Сэм Хатсбиге 72 мың еуро табыс етілді. Екінші орын алған тағы бір ағылшындық гольфшы Эндрю Джонстон 49 мың 500 еуроға ие болды. Оның нәтижесі минус 17 (271). Ал үшінші орын алған оңтүстіккореялық гольфшы Бьенг-хун Ан 31 мың 500 еуро сыйақы алды. Оның нәтижесі минус 12 (276). Өз сөзінде Сэм Хатсби ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. «Мен біздің командаға, сондай-ақ ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіремін. Турнир өте жоғары дәрежеде өтті. Спортшыларға керемет жағдай жасалды. Егер мүмкіндік болып жатса, алдағы жылы да осы турнирге келуге дайынмын», — деді С. Хатсби. Автор: Жаппарберген Айбота Басты с…

0
0
187

Инчхон-2014: Қазақстандық гандболшылар Гонконг спортшыларын тас-талқан етті

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында «В» тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстанның гандболдан қыздар құрамасы гонконгтықтарды 40:13 (19:8, 21:5) есебімен ойсырата ұтты, деп жазады Sports.kz.

Ертең жерлестеріміз Өзбекстан құрамасына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, көрші ел спортшылары бұған дейін Мальдив Республикасының құрамасын өте үлкен есеп айырмасымен жеңген — 57:7.

 
Басты сөздер: ОлимпиадаСпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
184

«Барыс» новокузнецкілік «Металлургті» сүріндірді

ҚХЛ чемпионатының аясындағы овертаймда новокузнецкілік «Металургті астаналық «Барыс» 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлады  Sports.kz.

Әзірге 20 ұпайы бар магнитагорлық «Металлург» көш бастап тұр. «Авангард»   17 балмен екінші орында. 16 ұпай жинаған «Ақ Барыс» көшбасшылар үштігінен орын тепті. «Барыс»  (13 ұпай) — төртінші орында.

Келесі ойынды «Барыс» Астанада 24 қыркүйекте ярославтық «Локомотивпен» өткізеді.

 

Басты сөздер: АстанаСпорт

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
254

17 жастағы жапон қызы Алматыда трамплиннен шаңғымен секіру бойынша өтіп жатқан Әлем Кубогының жеңімпазы атанды

17 жастағы жапон қызы Сара Таканаши Алматыда трамплиннен шаңғымен секіру бойынша өтіп жатқан Әлем Кубогының кезекті Жазғы кезеңін жеңіп алды. Әйелдер арасында өткен жарыста екінші орынды Ирина Аввакумова, ал Юки Ито үшінші орынды иеленді. Ал Сара Таканаши екі раундта да соңынан секіріп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Нәтижесінде 238.2 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орын алған алған ресейлік Ирина Аввакумованың көрсеткіші — 206.3. Ал үшінші орынға ие болған жапондық Юки Ито — 203.1 ұпай жинады. «Бірініші секіргенім өте сәтті шықты. Екінші серияларда аздаған қателіктер болды. Жалпы айтарым, әйелдер үшін Жазғы Гран-придің тек екі кезеңнен ғана тұратыны өкінішті-ақ. Өйткені, әлемнің басқа да спортшыларымен жарысқан сайын, шеберлігіңді шыңдай түсесің», — деді С. Таканаши. Естеріңізге сала к…

0
0
293

Ілдебай немесе қарызға ақша іздеген қазақтың хикаясы

Салдырлаған сары «Мәскеуішімен» мал базардың қасынан өте берегені сол еді Бұтабайдың алатаяғы шошаң ете қалды. Бірақ ол таяғын шошаңдатуын шошаңдатып, тоқтатуын тоқтатса да шиқылдап барып жолдың шетіндегі шаңды бұрқ еткізген мұның мәшинесіне төрт дөңгелегі бар мүлік екен-ау, өзіне қалқиған құлағы бар адам екен-ау деп көз қырын да салған  жоқ.  Келесі «құрбаным» қай тұста келе жатыр екен дегендей ұзын жолдың бойына алақ-жұлақ қарайды.

– Ассалаумаәлейкүм, Бұтеке.

Қос қолын ұсынып елпілдей амандасқан бұған саусағының ұшын ғана ұстатқан...

Толығымен...

0
0
502

Көңіл сыры «Аудио өлең» «Аудио поэзия»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Дудук, саксофон, флейта» Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Аша алмадым көңілімді, бата алмадым, Талпынсамда, мен саған, жете алмадым. Бұл дертімді, мен енді, жаза алмадым, Саған барар жолымды, таба алмадым. Адастырып әкеттің, сен тағдырым, Тоқтай тұршы өтінем, қинамай. Айтшы егер, болса менің, жазығым, Мүмкін емес, сезім өшу, осылай. Кімнен, қалай, сұраймын мен жалғанда, Күш, қуатты, өту үшін, өткелден. Қалғаным ба, осылайша жапанда, Ей махаббат, қайда кеттің, мен сенген. Көз алдымнан, кетпей қойды, бұл елес, Түсінемін, ештеме де, мәңгі емес. Маған қалды, тек арманмен, таңғы елес, Қайтейін, қайтейін, жеткізбедің сен белес. Ауыр екен, бұ…

1
1
938

Айтып келмейтін апат

Жыл сайын әлемде 1 млн адам автокөлік апатынан қаза табады. Адамзаттың игілігі үшін ойлап табылған дүниенің сол адамзаттың өзін құртып жатқанын көреміз. Сенгің келмейді, бірақ сандарды алдай алмайсың. Соңғы 10 жылда біздің елде 32000 адам көліктің кесірінен қайтыс болған. Білген адамға бұл ауған соғысы құрбандары санынан көп. Жол апаттары біздің елде неге жиілеп кетті, кім кінәлі? Жүргізушінің өзі ме, әлде жолдың сапасыздығы ма? Мүмкін, ескі көліктердің кесірі шығар... Қайтпек керек, жол көлік апаттарының санын азайту үшін не істеу керек? Қоғам болып нені өзгертуіміз керек, неден сабақ алуымыз керек? «Нүкте» ток-шоуы осы мәселелерді саралап көрмек. Студия кейіпкерлері де осы мәселені талқыламақ. Жол апатына түсіп 10 жыл арбаға танылған Азамат Ермахановтың айтар сыры ешкімді бей-жай қалтыр…

1
1
1405

Қазақстан Республикасының азаматын беру туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2014 жылғы 21 қыркүйек)

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ерлан Қосаевты қылмыстық жаупкершілікке тарту үшін беру туралы сұрауын Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы қанағаттандырды. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 3-бөлігінің «а», «б»-тармақтары, 193-бабының 3-бөлігінің «б», «в»-тармақтары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasynyn-azamatyn-beru-turaly-bak-ushin-akparat-astana-k-2014

0
0
218