Қазақстан Республикасының азаматын беру туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2014 жылғы 21 қыркүйек)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ерлан Қосаевты қылмыстық жаупкершілікке тарту үшін беру туралы сұрауын Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы қанағаттандырды. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 3-бөлігінің «а», «б»-тармақтары, 193-бабының 3-бөлігінің «б», «в»-тармақтары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
