Полицейдің кәсіби-психологиялық дайындығын шыңдауға бағытталған тренинг өткізілді
Психологиялық тренингтер – әлеуметтік құзіреттілікті жоғарылату, тұлғааралық қатынастарды қалыптастырып, бірлесіп іс-әрекет жасауға, қақтығыстарды конструктивті түрде шешуге ықпал ететін функционалды әдіс. Сондай-ақ, қызметтік жұмысты жетілдірудің негізгі талабы кәсіби-психологиялық дайындықты жетілдіріп, эмоционалды бұзылыстарының алдын алуда, қызметкерлердің күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуде де алар орны зор. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады. Осы мақсатта ағымдағы жылдың қыркүйек айының 26-сы күні Қызылорда ОІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің 25 қызметкерінің қатысуымен рөлдік ойындар тренингі өткізілді. Тренинг Қызылорда қаласының Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионында ОІІД кад…





