Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теннис: З.Дияс тағы да А.Керберге жол берді

Бейжіңде теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс екінші айналымда неміс қызы Анжелика Кербермен күш сынасты.

Дүйсенбі күні жаңартылған әлемдік рейтингте Зарина бір саты жоғарылап, 39-орынға көтерілсе, Анжелика керісінше 8-ден 10-сатыға төмендеп кеткен болатын.

Мұның алдында Уханьда өткен ірі жарыста осы екі спортшының жолдары тоқайласып, онда А.Кербер үш партияда жеңген болатын. Бұл жолы неміс қызы 6:3, 6:1 есебімен оңай ұтты. Ол енді ресейлік Светлана Кузнецовамен кортқа шығады.

Басты сөздер: СпортӘлем
ОРАЛ. ҚазАқпарат
 
0
0
218

Осы тақырып бойынша

Теннис: З.Дияс тағы да А.Керберге жол берді - Yvision.kz