Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ИНЧХОН-2014: Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы екі қола медальға қол жеткізді

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында грек-рим күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрама командасы екі қола медалге қол жеткізді. Бұл туралы ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан мәлімдеді.

Кіші финалда Алмат Кебіспаев (59 келі) өзбекстандық Ахмаджон Махмудовты 5:0 есебімен, ал Ерұлан Ысқақов (98 кг) сириялық Наузат Салехты 9:0 есебімен жеңді.

Сонымен екі салмақ категориясы бойынша жүлделі орындарға мына балуандар жайғасты:

59 келі:
1. Кохей Хасегава (Жапония)
2. Вон Чол Юн (Солтүстік Корея)
3. Алмат Кебіспаев (Қазақстан), Кие Тиан (Қытай)

98 келі:
1. Махди Алиярифейзабади (Иран)
2. Ди Ксиао (Қытай)
3. Ерұлан Ысқақов (Қазақстан), Норикацу Саикава (Жапония).

Басты сөздер: Спорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
 
0
0
277

Осы тақырып бойынша

ИНЧХОН-2014: Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы екі қола медальға қол жеткізді - Yvision.kz