Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Антон Пинчук жартылай финалда

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында бокс сайыстарының ширек финалдық кезеңі ойналды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері,  2008 жылғы студенттер арасындағы Әлем чемпионы, 2013 жылғы Қазақстан чемпионы Антон Пинчук  91 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңда өзбекстандық боксшы Рүстем Төлегеновпен кездескен болатын.

Отандасымыз қарсыласын 3: 0 (29:28, 29:28, 29:28) есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты, — деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясынан.

Енді Антон алдағы 2 қазан күні өтетін жартылай финалда Намьенг Парк (Южная Корея)  пен Санаулахх (Пакистан)  жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді.  Басқа жартылай финалда Али Мазахери (Иран) мен Ихаб Алматбули (Иордания) кездесетін болды.

Сондай-ақ, қыздар арасында бүгін Жайна Шекербаева (51 кг) финалға шықты, ал Марина Вольнова (75 кг) қола медалге ие болды.  Сондай-ақ, бүгін  отандастарымыз Қайрат Ералиев (56 кг), Иван Дычко (91 кг. жоғары), Біржан Жақыпов (49 кг) және Жәнібек Әлімханұлы да (75 кг) жартылай финалға өтіп, жүлделі орындарға қол жеткізгендігін естеріңіге саламыз.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
 
0
0
161

Осы тақырып бойынша

ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Антон Пинчук жартылай финалда - Yvision.kz