Мазмұнға өту

Жаңа

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында ғылыми-техникалық жұмыстар бойынша колледж студенттеріне арналған олимпиада.

Сен колледж студенті болсаң, 13 қазанға дейін Ақпараттық Коммуникациялық Технологиялардағы  өзекті тақырыптар бойынша олимпиаданың сырттай турына  қатыс. Жеңімпаздар , Халықаралық ІТ Университетінде оқуға грант алады. Өзіңнің ең үздік екеніңді дәлелде!



 

1
0
821

Геннадий Головкин жанкүйерлеріне қандай сый дайындап отырғанын айтты

18 қазанда АҚШ-тың Калифорния штатының Карсон қаласында WBA (Super) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездеседі, деп жазады sports.kz. Головкин бірнеше жылдан бері Абель Санчестің жетекшілігімен жаттығып келеді және Калифорния штатында бірінші рет жұдырықтасқалы тұр. «Мен басқа боксшылардың StubHub Center-да өткен кездесулерінде көп болдым. Және әр кездесу сайын жанкүйерлердің маған деген қолдаулары арта түсті. Лос-Анджелесте де солай. Сондықтан да Марко Антонио Рубиомен өтетін кездесу бұл — Оңтүстік Калифорниядағы менің барлық жанкүйерлеріме деген сыйым. Мен 18 қазанда StubHub Center-де жұдырықтасатыныма өте қуаныштымын. Оны келіп көретіндер мен теледидардан тамашалайтындарға үлкен шоу болады…

0
0
225

Теннис: Осакада З.Дияс қарсыласын ойсырата ұтып, ширек финалға шықты

Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде әлемнің 37-інші, осы турнирдің бесінші ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс испандық Лара Арруабарренаны 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Зарина ширек финалда хорват қызы Ана Конюхпен күш сынасады. Ол екінші айналымда аталмыш жарыстың төртінші ракеткасы, американдық Коко Вандевегені үш партияда жеңіп, жолдан тайдырды. Ширек финалда тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева австралиялық, осы турнирдің бірінші ракеткасы әрі өткен жылғы жеңімпазы Саманта Стосурмен кездеседі. Айта кетейік, Осака турнирінде ширек финалға шыққандардың ішінде 21 жастан үлкені С.Стосур ғана, ол 30-да. З.Дияс пен украиналық Элина Свитолина 20-да, Ю.Путинцева мен америкалық Мэдисон Кис 19-да, тағы бір америкалық Лорен Дэвис пен тайландтық Луксика Кумкхум 21-де,…

0
0
162

БОКС: АИБА-ның APB жобасының 60 келі салмақ дәрежесіндегі сайыстары Астанада өтетін болды

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) APB (АИБА Кәсіпқой Боксы) жобасының 60 келі салмақ дәрежесіндегі сайыстары Астана қаласында өтетін болды. Бұл туралы бүгін Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Бокс сайыстары «Дәулет» спорт кешенінде үстіміздегі жылдың 24-ші қазанында, 21 қарашасында және 20-шы желтоқсанында өтеді. Ал финалдық кездесулер өтетін күн 2015 жылдың 30-шы қаңтары деп белгіленді. Бұл салмақ категориясында Ақтау қаласының тумасы Берік Әбдірахманов, бразилиялық боксшы Робсон Консейсао (2013 жылғы ӘЧ күміс жүлдегері), италиялық Доменико Валентино (2013 жылғы ӘЧ қола жүлдегері), ресейлік Дмитрий Полянский (РФ екі дүркін чемпионы), германиялық Артур Бриль (жастар арасындағы бұрынғы әлем чемпионы), өзбек Хұршид Тәжібаев, филиппиндік Чарли Суарес және…

0
0
373

ФУТБОЛ: «Қайрат» командасының үш белді ойыншысы негізгі құрамнан шығып қалды

Футболдан Қазақстанның Премьер-Лигасында өнер көрсететін Алматының «Қайрат» командасының бір емес, үш белді ойыншысы жарақаттарына байланысты уақытша негізгі құрамнан шығып қалды, деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен. Белгілі болғанындай, 27-ші турда «Ақтөбе» командасымен болатын ойын алдындағы жаттығуда команда капитаны, 36 жастағы Самат Смақов пен ойын барысында шабуылшы Жерар Гоу бұлшық етін зақымдаған. Ал жартылай қорғаушы Йосип Кнежевич белін емдету үшін отаны Хорватияға ұшып кетті. Айта кетелік, «Қайрат» — биыл чемпиондық атаққа басты үміткер команда. Алматылықтар 34 ұпаймен турнир кестесінде әзірге алда келеді. Ал «Астана» командасы 30 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Өткен жылғы ел чемпионы «Ақтөбе» командасы болса, 24 ұпаймен үшінші орында. Биылғы маусымның соңы өте шиеле…

0
0
734

Астанада 38 елдің белгілі дзюдошылары бақ таластырады

10-12 қазан аралығында Астанада дзюдодан Гран-при жарысы өтеді. Бұл туралы бүгін елордада осы спорттық шараның ұйымдастырушылары хабарлады.

Жарыс «Сарыарқа» велотрекінде өтеді. Оған әлемнің 38 елінен 366 спортшы қатысады деп күтілуде. Олар 7 салмақ дәрежесінде тартысқа түседі. Қазақстан тарапынан бұл додада 52 спортшы бақтарын сынайды. Олардың арасында 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері  Азамат Мұқанов, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Елдос Сметов және басқа да белгілі спортшылар бар.

Дзюдодан осындай деңгейдегі жарыс елордада алғаш рет өткізілуде. Бұл бәсеке Олимпиада ойындарына ұпай жинау үшін лицензиялық спорттық шара болып табылады.

   
Басты сөздер: АстанаСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
224

ҚР жалпы білім беретін мектептердің 10-11сынып оқушыларына арналған спорттық бағдарламалау бойынша олимпиада.

IT университетте оқуға грант алғың келе ме?

22 қазан күні 10 және 11-сынып оқушылары арасында спорттық бағдарламалаудан олимпиаданың қашықтан  өткізілетін турына қатыс. Өз қабілетіңді көрсет!

Жеңімпаздарды 31 қазанда Алматыда іштей турда күтеміз.

0
0
345

На канале «Қазақстан» сбываются мечты

В новом реалити-шоу «Шын жүректен» сбываются мечты. Уникальный социальный проект выходит в эфир каждую субботу в 21:00 и призван широко осветить выдающиеся поступки простых людей, которые достойны называться героями нашего времени. Телезрителям будут представлены самые яркие моменты их жизни. Как правило, люди, совершающие благородные действия, не любят их афишировать, но ведь страна должна знать своих героев, не так ли? Сюжеты программы разнообразны, она полная эмоций и не оставит зрителей равнодушными. Современные герои, дарят любовь сиротам, облегчают страдания больным. О каждом, кому посвящена программа, можно сказать: «Это Человек с большой буквы». Немало историй и о тех, кто подвергся испытаниям судьбы, и тех, кто сумел помочь ближнему. Их истории – прекрасный пример редкой силы вол…

0
0
249

Ақтөбеде Қазақстанның Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінің жаңа ңұсқалары талқыланды

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында судьялар, прокуратура, құқық қорғау әділет, адвокатура, жергілікті атқарушы органдары, және БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/aktobede-kazakstannyn-kylmystyk-zhne-kylmystyk-procestik-kodeksterinin-zhana-nuskalary

0
0
280

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетілетін ақылы қызмет түрлері.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы және мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салған кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады. 1АЕК-1852 тенге, 0,5 АЕК-926т, 0,25 АЕК-463 т Қазақстан Республикасы азаматының паспорты-…

0
0
1052