Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БОКС: АИБА-ның APB жобасының 60 келі салмақ дәрежесіндегі сайыстары Астанада өтетін болды

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) APB (АИБА Кәсіпқой Боксы) жобасының 60 келі салмақ дәрежесіндегі сайыстары Астана қаласында өтетін болды. Бұл туралы бүгін Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бокс сайыстары «Дәулет» спорт кешенінде үстіміздегі жылдың 24-ші қазанында, 21 қарашасында және 20-шы желтоқсанында өтеді. Ал финалдық кездесулер өтетін күн 2015 жылдың 30-шы қаңтары деп белгіленді.

Бұл салмақ категориясында Ақтау қаласының тумасы Берік Әбдірахманов, бразилиялық боксшы Робсон Консейсао (2013 жылғы ӘЧ күміс жүлдегері), италиялық Доменико Валентино (2013 жылғы ӘЧ қола жүлдегері), ресейлік Дмитрий Полянский (РФ екі дүркін чемпионы), германиялық Артур Бриль (жастар арасындағы бұрынғы әлем чемпионы), өзбек Хұршид Тәжібаев, филиппиндік Чарли Суарес және ирландық боксшы Дэвид Джойс өнер көрсетеді.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жекте ирландиялық боксшы Дэвид Джойспен қолғап түйістіреді. Ал басқа салмақ категориясында отандастарымыз алғашқы сайыста мына боксшылармен кездеседі:

49 кг: Біржан Жақыпов — Лу Бин (ҚХР)
52 кг: Ілияс Сүлейменов — Жасурбек Ләтипов (Өзбекстан)
60 кг: Берік Әбдірахманов — Дэвид Джойс (Ирландия)
81 кг: Әділбек Ниязымбетов — Мэтью Байдерлик (Франция)
91 кг дейін: Антон Пинчук — Ямил Перальта (Аргентина)
Бұл сайыстар өтетін қалалар алдағы күндері белгілі болады.

Басты сөздер: АлматыСпорт
 
0
0
360

Осы тақырып бойынша