Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ФУТБОЛ: «Қайрат» командасының үш белді ойыншысы негізгі құрамнан шығып қалды

Футболдан Қазақстанның Премьер-Лигасында өнер көрсететін Алматының «Қайрат» командасының бір емес, үш белді ойыншысы жарақаттарына байланысты уақытша негізгі құрамнан шығып қалды, деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.

Белгілі болғанындай, 27-ші турда «Ақтөбе» командасымен болатын ойын алдындағы жаттығуда команда капитаны, 36 жастағы Самат Смақов пен ойын барысында шабуылшы Жерар Гоу бұлшық етін зақымдаған.

Ал жартылай қорғаушы Йосип Кнежевич белін емдету үшін отаны Хорватияға ұшып кетті.
Айта кетелік, «Қайрат» — биыл чемпиондық атаққа басты үміткер команда. Алматылықтар 34 ұпаймен турнир кестесінде әзірге алда келеді. Ал «Астана» командасы 30 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Өткен жылғы ел чемпионы «Ақтөбе» командасы болса, 24 ұпаймен үшінші орында. Биылғы маусымның соңы өте шиеленісті өтетін түрі бар. Өйткені, «Қайрат» 6 қазан күні Қарағандыда жергілікті «Шахтермен» кездескен болатын. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Өкінішке қарай, жоғарыда аталған ойыншылардың жоқтығы ойын нәтижесіне әсер етті. Алда 4-ақ тур қалды.

Енді алматылықтардың келесі ойыны 18 қазан күні өтеді онда, олар өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдайды. Оған дейін Смақов пен Гоудың жарақаты жазылып, қатарға қосылады деген үміт бар.

 
Басты сөздер: АлматыСпорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
 
0
0
722

Осы тақырып бойынша

ФУТБОЛ: «Қайрат» командасының үш белді ойыншысы негізгі құрамнан шығып қалды - Yvision.kz