Мазмұнға өту

Жаңа

Кедергісіз келешек

Акмолинский областной филиал Молодежного крыла «Жас Отан» партии «Нұр Отан» 11 ноября 2014 года в 13:30 часов в рамках проекта «Будущее без барьеров» провел нестандартную встречу с молодежью с ограниченными возможностями в развлекательном центре «Некафе» города Кокшетау. 
Целью мероприятия – привлечение людей с ограниченными возможностями к общественно-культурной жизни города, обсуждение актуальных проблем.
0
0
527

Теңге тәуелсіздігімізді нығайтты

Осыдан дәл жиырма бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – теңге енгізілгенін азат елдің еркін азаматтары жақсы біледі. Бұл шешім шаңырағы ортасына түсіп, керегесі сөгіліп,келмеске кеткен кеңестік империядан қалған аса ауыр әрі қиын жағдайдан шығудың ең дұрыс жолы болғанын қазір біз ғана емес, мүйізі қарағайдай атақты халықаралық қаржы-экономика сарапшылары мен жаһан жұртшылығы толық мойындап отыр. – Қазақстан бүгінгі күнге дейін қандай жетістіктерге жетсе – бәрі сол ұлттық валютамыздың арқасы. Сондықтан да теңге өзінің миссиясын жақсы атқарды деп санаймын. Теңге – қазақ халқының, қазақ мемлекеттілігінің тарихында тұңғыш рет шыққан қағаз ақша. Бұрын қазақ хандығы дәуірінде әртүрлі тиын, монета, алтын сияқты металдан жасалған ақша…

0
0
381

Ұрыс ханның саяси қайраткерлігі және қазақ тарихындағы орны

Ұрыс хан – Мұхаммед Ақ Орданың ең атақты билеушісі болған. Ол билік басында болған кезде ел дамудың шырқау шегіне жеткен.Ұрыс ханның саяси мен әскери билігі жөнінде ортағасырлық дереккөздерде көп жазылған. Осы жинақта автор ханның негізгі кезеңдерін сипаттап, талас мәселелеріне көп көңіл бөлді. Мәліметтерге қарағанда, қазақ мемлекеттілігінің тарихында осы саяси тұлғаның рөлін анықтауға болады. Ұрыс ханның ата тегіАқ Орданың тарихындағы Ұрыс хан билеу кезіндегі билеуші ақсүйек тобының және Ұрыс ханның ата тегі – өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселенің шешуі Ақ Орданың мен қазақ мемлекеттілігінің тарихы үшін маңызды болады.Ұрыс хан – қазақ хандары әулиетінің негіздеушісі. Одан қазақ әулиеттерінің үрім-бұтақтары тараған. Тұңғыш қазақ ханы Керей – Ұрыс ханның ұрпағы. Орыс ханнан Тоқтақия, ода…

0
0
2919

Тәуелсіздік үшін күрестің екінші кезеңі басталды

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: - Жақында президент Назарбаев Қазақ хандығының 550 – жылдығын атап өту қажеттігін мәлімдеді. Бұған дейін «қазақта шекара болмаған» деген Ақорданың сөзі неге өзгерді? - Мұның барлығы соңғы жылдары қалыптасқан авторитарлық жүйе, жеке басқа табыну, шексіз мадақтау жүйесінің әсері. 1991 жылдан бері президент ешқашан Қазақ хандығын жоққа шығарған емес. 1996 жылы «Тарих толқынында» деген кітап та жазған. Бірақ та биліктің халықтан алшақтауы, саяси элита ішіндегі теріс эволюция мен жеке басқа табыну саясаты осы жағдайға алып келді. Меніңше, мұны президентке ғана тіреп қою қате деп санаймын. Біздің қоғамның өзінде де проблема бар. Президент осылай айтты дейміз, ал өзіміз қайда қарап отырдық? Зиялы қауымымыз, тарихшыларымыз қайда қалды, мәселен? Бұрындары Алтынбек марқұм…

0
0
366

Менің ауылым

Алматы қаласы Алмалы ауданы
КММ «І. Есенберлин атындағы № 25 гимназияның»
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Даркенбаева Жұмагүль Бағдатқызы

Қазақ тілі
3-сынып
Ұялы телефон: 87772502050

Тақырыбы: Менің  ауылым

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Сабақтың міндеттері:

І. Білімділік:
Жаңа  сөздермен  таныса  отырып, мәтінді  аудару, сурет бойынша сұхбат құру, дейін шылауымен сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру, тест сұрақтарымен сабақты   бекіту.

ІІ. Дамытушылық:
Саяхат сабағы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, үйден сурет салдыру арқылы оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу, тілін, сөздік қорын дамыту. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
2402

Әскери сот: қазақша құжат күн тәртібінде тұр

 

Семей гарнизоны әскери сотында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу, талап арыздарды мемлекеттік тілде дайындау» тақырыбында семинар өтті.  Аталмыш шара мақсаты – әскери бөлімдердің және басқа да әскери мекемелердің заңгерлерімен тікелей жұмыс жасау, мемлекеттік тілде талап-арыздарды дайындау кезінде туындайтын қиындықтарды шешу, тәжірибе алмасу, мемлекеттік тілде берілетін талап-арыздардың үлес санын көбейту, мекемелер арасындағы хат алмасуды толығымен қазақ тілінде жүргізу. Семинарға әскери прокуратура өкілдері, әскери полиция өкілдері, ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының өкілдері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі және әскери бөлімдерінің заңгерлері  қатысты. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
548

Біз жас ұрпақты қазақ тілін үйретуге емес, үйренбеуге мәжбүрлеп жүргендейміз

Қазақ тілі пәніне арналған оқулықтарды неге сонша қиындатады, неге мейілінше күрделендіріп береді? Осыны өз басым түсіне алмай-ақ қойдым. Асқар Жұмаділдаев ағамызбен әңгімелесіп отырғанымызда, Асекең: «Математикадағы төрт амал сияқты, қазақ тілін оқытуда да қарапайым төрт амал болуы керек, қалғаны адамның зердесіне байланысты. Қаптаған теория қазақ тілін үйретуге емес, үйренбеуге мәжбүрлейді», - деген-ді. Рас айтады. Тілді тереңдеп білгісі келетін адам оның қыр-сырына арнайы ЖОО-да қаныға түседі. Ал, мектеп оқушыларына арналған оқулықтар мейілінше түсінікті, қарапайым, баланың ұғымына жеңіл, жадында тақылдап жатталып қалатындай болуы керек. Үйде балалардың сабағына бірге дайындаламыз. Сол кезде, әсіресе, тарих пен қазақ тілі оқулығына келген кезде орныманан айқайлап тұрып кете жаздаймын.…

0
0
559

ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі судьялық лауазымға үміткерлермен кездесті

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының директоры М.Бейбітов республикадағы жергілікті соттардың төрағалығына және судьялыққа үміткерлермен кездесті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kr-zhogargy-sot-kenesinin-mushesi-sudyalyk-lauazymga-umitkerlermen-kezdesti

0
0
310

Қазақстан ЕУРО-2016 іріктеу матчында Түркиядан ұтылып қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда ЕУРО-2016 іріктеу матчында Түркия командасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Матч күткендей-ақ алаң иелерінің белсенді қимылымен басталды. Фатих Керимнің жігіттері допты сенімді бақылап, қазақстандық ойыншыларға анада-сана ғана өзінің айып алаңына жақындауына мүмкіндік берді. Ойынның 22-ші минутында Бурак Йылмаз матч есебін ашуы мүмкін еді, бірақ та Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Мокинмен бетпе-бет келген сәтте оның соққан добы қақпа жанынан қиыс өтіп кетті. Түрік футболшылары қазақстандық команданың айып алаңына шабуылды белсене күшейте түсті. Нәтижесінде пенальтиде сол Бурак Йылмаз доп соқты. Үш минуттан кейін ол есепті екі допқа дейін жеткізді. Матчтың екінші жартысында Қазақстан құрамасы футболшылары белсенді қимылдай бастады. Дегенмен…

0
0
216

Илья Ильин Алматыдағы әлем чемпионатының үздік атлеті атанды

Қазақстандық ауыратлет, төрт дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Алматыда өткен әлем біріншілігінің қорытындысымен үздік атлет болып танылды. «Мен ең үздікпін!!! Маған жанкүйер болғандардың бәріне рахмет! Бұл біздің жеңісіміз!!!!», — деп жазды Илья өзінің Instagram-дағы парақшасындағы суретке түсіндірмесінде, суретте ол 2014 жылғы әлем біріншілігінің үздік атлет кубогын қолына ұстап тұр. Еске сала кетейік, сенбі күні Алматыдағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Илья Ильин төртінші дүркін әлем чемпионы атанды, ол өзінің жаңа салмағы — 105 келіде алтын медальді жеңіп алды. Қоссайыста Илья ильин 432 келіні (190+242) көтерді. Екінші орында өзбекстандық Руслан Нурудинов — 432 келі (193+239), үшінші орында ресейлік Давид Беджанян — 427 келі (187+240). Қазақстан құра…

0
0
239