Біз жас ұрпақты қазақ тілін үйретуге емес, үйренбеуге мәжбүрлеп жүргендейміз
![]()
Қазақ тілі пәніне арналған оқулықтарды неге сонша қиындатады, неге мейілінше күрделендіріп береді? Осыны өз басым түсіне алмай-ақ қойдым. Асқар Жұмаділдаев ағамызбен әңгімелесіп отырғанымызда, Асекең: «Математикадағы төрт амал сияқты, қазақ тілін оқытуда да қарапайым төрт амал болуы керек, қалғаны адамның зердесіне байланысты. Қаптаған теория қазақ тілін үйретуге емес, үйренбеуге мәжбүрлейді», - деген-ді. Рас айтады. Тілді тереңдеп білгісі келетін адам оның қыр-сырына арнайы ЖОО-да қаныға түседі. Ал, мектеп оқушыларына арналған оқулықтар мейілінше түсінікті, қарапайым, баланың ұғымына жеңіл, жадында тақылдап жатталып қалатындай болуы керек.
Үйде балалардың сабағына бірге дайындаламыз. Сол кезде, әсіресе, тарих пен қазақ тілі оқулығына келген кезде орныманан айқайлап тұрып кете жаздаймын. Сіздер де білімдеріңіз бен жүйкелеріңізді сынап мына бір сөйлемдерден тұрақты тіркестерді бір бөлек, жай сөз тіркестерін бір бөлек көшіріп жазыңыздаршы: (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
