Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теңге тәуелсіздігімізді нығайтты

Осыдан дәл жиырма бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – теңге енгізілгенін азат елдің еркін азаматтары жақсы біледі.

Бұл шешім шаңырағы ортасына түсіп, керегесі сөгіліп,келмеске кеткен кеңестік империядан қалған аса ауыр әрі қиын жағдайдан шығудың ең дұрыс жолы болғанын қазір біз ғана емес, мүйізі қарағайдай атақты халықаралық қаржы-экономика сарапшылары мен жаһан жұртшылығы толық мойындап отыр.

– Қазақстан бүгінгі күнге дейін қандай жетістіктерге жетсе – бәрі сол ұлттық валютамыздың арқасы. Сондықтан да теңге өзінің миссиясын жақсы  атқарды деп санаймын. Теңге – қазақ халқының, қазақ мемлекеттілігінің тарихында тұңғыш рет шыққан қағаз ақша. Бұрын қазақ хандығы дәуірінде әртүрлі тиын, монета, алтын сияқты металдан жасалған ақша түрлері болған. Ал теңге – қазақтың қағаз түріндегі тұңғыш валютасы, – дейді ұлттық ақшамызды жасауға тікелей ат салысып, барлық істің басы-қасында болған белгілі сәулетші, суретші-дизайнер, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті Хайролла Ғабжалилов. – Теңге алғаш шыққан кезде-ақ ең соңғы жаңа тех­нологияны қолданып жасалуының және қорғаныш қабілеті  мен көркем безен­дірілуінің  арқасында әлем валюталарының арасында алғашқы ондықтың қатарына кірді. Оның үстіне алғашқы шыққан тең­гелерде халқымыздың жеті ұлы тұлғасы бейнеленіп, ол ұлттық валюта болып қана қоймай, сонымен бірге мемлекет­тілігіміздің тарихын көрсететін үлкен идеологиялық құрал қызметін атқарды. Жалпы, ақша, ұлттық валюта дегеніміз не деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, оның қоғамда үш түрлі негізгі қызмет ат­қаратынын айтуымыз керек.  Бірінші кезекте ақша – айналым құралы ретінде тауарлар мен қызмет­терді сатып алу мен қайта сатуда пай­даланылады. Екіншіден, ақша – бағаның айырбас өлшемі. Жолдың ұзындығын шақырыммен, салмақты килограмм, тоннамен өл­шейтініміз сияқты тауарлар мен қызметтің құнын ақшамен өлшейміз. Бүкіл жалпы ұлттық өнім мөлшері, басқа да эко­номикалық көрсеткіштер, барлық төлемдер мен қарыз, несие мін­дет­темелері – бәрі-бәрі ақшамен өлшенеді. Үшіншіден, ақша – салым құралы ретінде қызмет етеді. Ол – тауар ретінде пай­далануға өте қолайлы. Сондай-ақ ол салым ретінде, қазіргі тілмен айтсақ, инвестиция салу арқылы байлықты молайту құралы болып саналады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
367

Осы тақырып бойынша

Теңге тәуелсіздігімізді нығайтты - Yvision.kz