Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік үшін күрестің екінші кезеңі басталды

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

- Жақында президент Назарбаев Қазақ хандығының 550 – жылдығын атап өту қажеттігін мәлімдеді. Бұған дейін «қазақта шекара болмаған» деген Ақорданың сөзі неге өзгерді?

- Мұның барлығы соңғы жылдары қалыптасқан авторитарлық жүйе, жеке басқа табыну, шексіз мадақтау жүйесінің әсері. 1991 жылдан бері президент ешқашан Қазақ хандығын жоққа шығарған емес. 1996 жылы «Тарих толқынында» деген кітап та жазған. Бірақ та биліктің халықтан алшақтауы, саяси элита ішіндегі теріс эволюция мен жеке басқа табыну саясаты осы жағдайға алып келді. Меніңше, мұны президентке ғана тіреп қою қате деп санаймын. Біздің қоғамның өзінде де проблема бар. Президент осылай айтты дейміз, ал өзіміз қайда қарап отырдық? Зиялы қауымымыз, тарихшыларымыз қайда қалды, мәселен? Бұрындары Алтынбек марқұм «Мүлгiп кеткен милар мен кеткен қалғып ақыл-ойлар» деген үлкен мақала жазып еді. Яғни бұл қоғамның осы жағдайға дұрыс реакция білдірмеуі, жөнді пікір білдірмеуінен туындайтын нәрсе. Міне, осының барлығы қарама қайшылыққа алып келді. Бұл еліміздегі қазақ мемлекеті десе, кірпідей жиырылатын, Ресеймен қосылуды армандап жүрген топтарға азық берді. Ақыры келіп «Қазақта мемлекет болған жоқ» деген. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
360

Осы тақырып бойынша