Мазмұнға өту

Жаңа

Wwoof Алманияның ауыл шаруашылығы және табиғаты

Wwoof Алмания - тәжірибелік көмек арқылы Алманияның ауыл шаруашылығы және табиғат туралы көп білуге мүмкіндік береді. Wwoof - бұл экологияға қолдау көрсету және ауылды көру мүмкіндігі, жаңа адамдармен, олардың өмір сүру салтымен танысу. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім талап етілмейді, бірақ оқуға деген құштарлық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тақырыбына деген қызығушылық және белгілі бір уақыт аралығында ауыл салтымен өмір сүруге дайын болуы керек!

Wwoof Алмания:

http://www.wwoof.de

0
0
1019

Алыстағы Америка үндістері туралы не білеміз

Жақында іссапармен Америка Құрама Штаттарына, дәлірек айтқанда Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларына барып қайтуға жол түсті. Бұл ғажайып шаһарлар туралы сан айтылып, сан жазылып жүрсе де әркімнің әсері әртүрлі, әрине.

Осы жаққа жүрерде елдің тарихына байланысты бірнеше кітапты парақтаған едік. Сонда соңғы екі жарым ғасырда болмысы мен сипаты күрт өзгерген мемлекеттің ежелгі тұрғындары үндістердің өткенімен...

Толығымен...

0
0
324

Республикалық айтыс жеңімпазына 2 млн теңге жүлде табысталды

Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайында Нұр Отан партиясының 15 жылдығына орай «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық айтыс өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 ақын сайысқан жыр додасында бас жүлдені Балғынбек Имашев иеленді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы. Алтайдың төрінде өткен аламан айтыста шығыс қазақстандық көрермендер Серік Құсанбаев, Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Мұхтар Ниязов, Серікзат Дүйсенғазин, Қайнар Алагөзов, Асхат Қылышбеков, Аслан Ғафуров сынды елге танымал ақындардың өнеріне тәнті болды. «Нұр Отан партиясы – Ұлт көшбасшысы өзі төрағалық етіп отырған үлкен ұйым. Айтысқа қашан да қолдау көрсетіп келе жатқан партия бүгін мінекей, Өскеменде ақындардың басын қосып отыр. Бұл – партияның ұлттық өнерге деген жанашырлығы», – деді Жүрсін Ерман. (жа…

0
0
458

Саяси кеңестің отырысында бастан-аяқ қазақша баяндама жасаған жалғыз шенеунік Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Саяси кеңесте Бердібек Сапарбаев қана қазақша баяндама жасады

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Кеше түске дейін Астанаға әкім болып келіп, түстен кейін Өскеменде вице-премьер ретінде таныстырылған Сапарбаев Шығыс Қазақстанды 5 жыл, 8 ай басқарыпты.

Ал, оның орнына бірнеше жылдан бері саяси сахнада көрінбей кеткен Даниал Ахметов келді. Бұған дейін вице-премьер болып келген Гүлшара Әбдіхалықова Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Бердібек Сапарбаевты вице-премьер ретінде таныстырып, Астанаға алып кетуге және Даниал Ахметовтің кандидатурасын облыстық мәслихатпен келісуге Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин қатар келді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
429

Тілді аудармамен дамыта алмаймыз

alt

Алматы қаласындағы Никольский базарының қасында мынандай ескерткіш-тақта тұр екен. Байқап тұрғаныңыздай, қазақша нұсқасы сауатсыз жазылған. Біздің білгіміз келгені -қазақшаға аударған кім? жүзеге асырған кімдер? Осы сұрақтардың жауабын, өкінішке орай, таба алмадық. Чернобыль апатынан зардап шеккендердің ұйымымен байланысқа түсе алмаудамыз. Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімі аталмыш объекті жайлы бейхабар. Әзірге айтарымыз осы. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
437