Республикалық айтыс жеңімпазына 2 млн теңге жүлде табысталды
Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайында Нұр Отан партиясының 15 жылдығына орай «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық айтыс өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 ақын сайысқан жыр додасында бас жүлдені Балғынбек Имашев иеленді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Алтайдың төрінде өткен аламан айтыста шығыс қазақстандық көрермендер Серік Құсанбаев, Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Мұхтар Ниязов, Серікзат Дүйсенғазин, Қайнар Алагөзов, Асхат Қылышбеков, Аслан Ғафуров сынды елге танымал ақындардың өнеріне тәнті болды.
«Нұр Отан партиясы – Ұлт көшбасшысы өзі төрағалық етіп отырған үлкен ұйым. Айтысқа қашан да қолдау көрсетіп келе жатқан партия бүгін мінекей, Өскеменде ақындардың басын қосып отыр. Бұл – партияның ұлттық өнерге деген жанашырлығы», – деді Жүрсін Ерман. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

