Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саяси кеңестің отырысында бастан-аяқ қазақша баяндама жасаған жалғыз шенеунік Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Саяси кеңесте Бердібек Сапарбаев қана қазақша баяндама жасады

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Кеше түске дейін Астанаға әкім болып келіп, түстен кейін Өскеменде вице-премьер ретінде таныстырылған Сапарбаев Шығыс Қазақстанды 5 жыл, 8 ай басқарыпты.

Ал, оның орнына бірнеше жылдан бері саяси сахнада көрінбей кеткен Даниал Ахметов келді. Бұған дейін вице-премьер болып келген Гүлшара Әбдіхалықова Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Бердібек Сапарбаевты вице-премьер ретінде таныстырып, Астанаға алып кетуге және Даниал Ахметовтің кандидатурасын облыстық мәслихатпен келісуге Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин қатар келді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
395

Осы тақырып бойынша